Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президент альпинист Анар Борашеваны қабылдады

Президент альпинист Анар Борашеваны қабылдады

Әлеумет 01.06.2024, 15:40 756
Президент альпинист Анар Борашеваны қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анар Борашеваны әлемдегі ең биік Эверест шыңын қазақ қыздарының арасынан бірінші болып бағындыруымен құттықтады.

Президент оның осынау айтулы жетістігі жастарды спортпен шұғылдануға жігерлендіргенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мемлекет басшысы спорттың мұндай қиын әрі қауіпті түрімен айналысу үшін асқан ерік-жігер, төзімділік, сондай-ақ психологиялық және физикалық дайындық керек екеніне назар аударды.

Анар Борашева тауға өрмелеумен 2015 жылдан бері айналысып келе жатқанын, ал альпинизмнің қыр-сырын кәсіби түрде соңғы 4 жыл ішінде меңгергенін айтты. Эверестке дейін ол көптеген шыңды бағындырып үлгерген. Оның ішінде Альпі тауларындағы Монблан шыңы мен Африкадағы ең биік Килиманджаро тауы бар.

Әңгімелесу барысында альпинист алдағы уақытта әлемдегі ең биік жеті шыңды бағындыруды жоспарлап отырғанын жеткізді. Сондай-ақ ол Мемлекет басшысына Эверест шыңына алып шыққан Қазақстан туын сыйға тартты.

Қасым-Жомарт Тоқаев отандық спортшылар әртүрлі халықаралық додаларда ел намысын лайықты деңгейде қорғап жүргенін атап өтіп, Анар Борашеваның алдағы уақытта жаңа биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #қабылдау #Альпинист
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика