AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президент агроөнеркәсіп саласын сынға алды

Президент агроөнеркәсіп саласын сынға алды

Әлеумет 07.02.2024, 06:08 1,004
Президент агроөнеркәсіп саласын сынға алды
Сурет: Janalyq.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысумен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. 


Былтырғы Жолдауында Президент үш жылда агроөнеркәсіп саласындағы өңделген өнімнің үлесін 70 пайызға жеткізу жөнінде нақты тапсырма берген болатын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алайда, Мемлекет басшысының сөзінше, бұл бағытта ауыз толтырып айтарлықтай жұмыс жасалып жатқан жоқ 



Президенттің пікірінше, қазіргі таңда тек шикізат өндірісіне ғана сеніп отыруға болмайды. Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеумен белсенді түрде айналысу керек.




«Үкімет осы мәселеге айрықша назар аударуға тиіс. Ауыл шаруашылығымен шұғылданам деушілер санын мейлінше көбейту керек. Дақыл түрін көбейтіп, егіннің шығымын арттырып жатқан диқандарға жан-жақты қолдау көрсеткен жөн. Сондай-ақ, бірыңғай жер салығын қолдану мәселесін қайта қарастыру қажет. Себебі, іс жүзіне келгенде, біраз түйткілдер бар. Негізгі талап – салық төлеуді жеңілдету ғана емес. Ең бастысы, шаруалар жерді тиімді пайдаланып, барынша мол өнім беруге ұмтылуы керек», - деді Мемлекет басшысы.




Сонымен бірге, мемлекеттік қолдау шараларын «бір терезе» қағидасымен жүзеге асыру қажет, яғни салалық қаржы институттарының қызметін бір жерге біріктірген жөн.
Аграрлық несие корпорациясының әлеуетін арттырып, оған әкімдіктердің ауыл шаруашылығын субсидиялау құзыретін беру қажет. Ол үшін агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне жеңілдетілген несие және субсидия беру қызметтерін бірыңғай цифрлық платформаға біріктіру керек.




«Жалпы, агроөнеркәсіп кешеніне ауқымды реформа жасалуға тиіс. Нақты айтқанда, жаңа технологияларды енгізіп, жерді және басқа ресурстарды ұтымды пайдаланып, жеңілдіктер мен субсидиялардың тиімділігін арттыру қажет. Мұның бәрі, түптеп келгенде, ауыл шаруашылығындағы еңбектің өнімділігін арттырады, яғни нақты нәтиже береді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ауыл шаруашылығы #агроөнеркәсіп #Президен #үкімет #кеңейтілген отырыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

15 мамырда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:31

Қазақстан мен Түркия президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды

Кеше 20:28

Демеу Жадраев 77 келіге дейінгі салмақта Қазақстан Кубогының чемпионы атанды. Финалда Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері - Қаһарман Қисметовтан басым түсті

Кеше 19:01

Елордалық жасөспірім шахматтан Қазақстан чемпионы атанды

Кеше 19:00

Мейрамбек Айнағұлов Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанды

Кеше 18:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);