AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Павлодарлық қардан ұзындығы 7 метр жолбарыс жасады

Павлодарлық қардан ұзындығы 7 метр жолбарыс жасады

Әлеумет 04.01.2022, 03:36 1,166
Павлодарлық қардан ұзындығы 7 метр жолбарыс жасады
inform.kz

АП-162/3 мекемесінде 2022 жылдың бірінші күні жазасын өтеушілер арасында «Ең креативті мұз мүсіншісі» конкурсы өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Рavlodarnews.kz сілтеме жасап.


Павлодар облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, тоғыз жасақтың жазасын өтеушілері қар мен мұздан 14 мүсін жасаған. Әуесқой шеберлер қардан жолбарыстар, арыстандар, динозаврлар және басқа да туындыларды жасады. Оның ішінде биылғы жылдың символы ұзындығы жеті метрлік жолбарыс ерекше көзге түседі. Бірінші жасақ бастығы әділет майоры Арман Жүсіповтің айтуынша, сотталғандар байқауға қыстың алғашқы күндерінен бастап дайындала бастаған.



«Сотталғандар жасақпен бірлесіп, қандай шығармашылық идеяларды іске асыратынын, мүсіндердің орналасуын талқылады. Шығармашылық жұмысты бастау үшін аяздың болуын күтті. Биыл қыстың басы жылы болды, қар да көп түспеді, бірақ соған қарамастан жаңа жылдың алғашқы күнінде байқау өтті. Мұз бен қарды қолданып, өз өнерін көрсету әркімнің қолынан келе бермейді. Мұнда қиял, өнердегі дағдылар, шығармашылық қажет. Байқау барысында жасақтар арасында бәсекелестік байқалды», - дейді Арман Жүсіпов.



Байқау қорытындысы бойынша бірінші жасақтың құрамындағы сотталған «Үздік мүсінші» атанды. Ол ынталандыру ретінде туыстарына кезектен тыс бейнеқоңырау арқылы хабарласу мүмкіндігіне ие болды.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Павлодар #конкурс #мүсінші
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);