Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум - 2022 / Партия мәжілісмендері өнеркәсіп жұмысшыларымен кез...

Партия мәжілісмендері өнеркәсіп жұмысшыларымен кездесті

Референдум - 2022 12.05.2022, 16:30 999
Партия мәжілісмендері өнеркәсіп жұмысшыларымен кездесті
Cурет: Almaty-akshamy.kz

2009 жылдан бері қазақстандық металл өнімдері нарығында өз қызметін жүзеге асырып келе жатқан Алматы қаласындағы «MetalPromGroup» өнеркәсібінде өңірлерге жұмыс сапары барысында AMANAT партиясының мәжілісмендері Бекқали Торғаев пен Артур Платонов кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Компания басшылығы партиялықтарға олардың өнімдеріне мемлекеттік тапсырыстың бар екенін атап өтуді ұсынып, отандық өндірушілерге назар аударуды сұрады. Мәжілісмендердің пікірінше, бұл шын мәнісінде Қазақстан экономикасының артуына және елдің одан әрі экономикалық дамуына ықпал ететін болады. Оның үстіне, Түркияға сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан адал бәсекелестікті күшейту, жеке меншікті қорғау, экономиканы монополиясыздандыру арқылы экономиканы сапалы жаңғыртуға бағыт алғанын ерекше атап өтті. 


Сонымен қатар, партиялықтар компания жұмысшыларына Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар өзара байланысты және біртұтас мақсатқа – суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу үшін құқықтық база құруға, бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлуге, Парламенттің рөлі мен мәртебесін арттыруға, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейтуге және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталғанын айтты.


Естеріңізге салсақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің AMANAT партиясы депутаттық фракциясының мүшелері қазіргі уақытта барлық өңірлердің тұрғындарымен конституциялық реформалардың қажеттілігін түсіндіру бойынша кездесіп жатыр.


Ақпараттық материал «Республикалық референдум жөніндегі» ҚР Заңының  7 бабы 2 тармағы бойынша «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының тапсырысымен шықты, жауапты тұлға М. Б. Отыншиев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#депутат #өнеркәсіп #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Миопияның негізгі себептерін анықталды

Бүгін 17:42

Қазақстанның мектеп инфрақұрылымы бес жылда қалай өзгерді?

Бүгін 17:34

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 40%-ҒА ЖЕТТІ

Бүгін 17:30

WhatsApp-та 13 жасқа дейінгі балаларға арнайы аккаунттар қосылады

Бүгін 17:12

Алматыда ядролық тераностика орталығы құрылады

Бүгін 17:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика