AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Парламент депутаттары каникулға кетті

Парламент депутаттары каникулға кетті

Әлеумет 28.06.2024, 10:52 786
Парламент депутаттары каникулға кетті
almaty-akshamy.kz

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда сегізінші сайланған Парламенттің екінші сессиясы ресми түрде жабылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Бұл тұрғыда депутаттар биылғы 1 қыркүйекке дейін парламенттік каникул деп жарияланатыны туралы арнайы қаулы қабылдады.

«Бүгін біз сегізінші сайланған Қазақстан Парламентінің екінші сессиясының жұмысын аяқтағалы отырмыз. Дәстүр бойынша атқарылған жұмысты қорытындылаймыз, келешекке жоспар құрамыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саяси реформалары Парламент жұмысына жаңа бағыт-бағдар берді. Көппартиялы Парламент заң шығарушы органның қызметіне тың серпін әкелді, қоғамның түрлі идеологиялық көзқарастағы әралуан өкілдерінің келуі қабылданатын заңдардың сапасын арттыра түсті. Мұның бәрі - Қазақстан парламентаризмі тарихындағы жаңа кезеңге айналды», - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Оның айтуынша, өткен сессия «Күшті Президент - ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет» формуласының тиімділігін іс жүзінде дәлелдеді. Билік тармақтарының тепе-теңдігін қамтамасыз ететін бұл жүйе пәрменді шешімдер қабылдауға мүмкіндік туғызды.

«Осының бәрі елімізді одан әрі дамытуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Президент жариялаған «заң мен тәртіп үстемдігі қағидаты» өткен заң шығару маусымында басты бағдар болды, қоғамның сапалы заңдар қабылдауға деген сұранысын арттыра түсті. Парламент еліміздегі ең өзекті проблемалар бойынша заңнамалық шешімдер шығару және оларды ашық талқылау алаңына айналды. Түйткілді мәселелерді заңдар арқылы шешу негізгі тетік ретінде қалыптасып келеді. Нормативтік құжаттардың мәртебесі мен салмағы артып отыр. Мұның бәрі - пәрменді әрі ықпалды Парламент қалыптастыру бағытындағы конституциялық реформаның мән-маңызын айшықтай түсуде», - деді Мәжіліс төрағасы.

Бұл тұрғыда Е. Қошанов осы сессияда Парламенттік жұмыс кезеңі толық әрі табысты атқарылғанын айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#парламент #заң #Реформа
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының таулы аймағында Medeu Park Hotel ашылды

Бүгін 15:50

Алматыда қайталама шикізатты жинау және қайта өңдеу бойынша көшпелі экоакция өтеді

Бүгін 15:43

Almaty Marathon: 27 қыркүйекте Алматының бірқатар көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

Бүгін 15:38

«Әділет» партиясының фракциясы Мәдениет және ақпарат, Оқу-ағарту министрлеріне депутаттық сауал жолдады

Бүгін 15:31

«Әділет» партиясының фракциясы Мәдениет және ақпарат министріне депутаттық сауалы жолдады

Бүгін 15:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);