Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Пандемия қашан аяқталады?

Пандемия қашан аяқталады?

Медицина 26.12.2022, 14:25 1,403
Пандемия қашан аяқталады?
Сурет: Ашық дереккөзі

«Вирус тезірек жойылса» деген ортақ арман орындалар емес.


Пандемия қашан аяқталады? Бұл - әлем халқын алаңдатып отырған басты мәселенің бірі. Осы күнге дейін түйткілді сауалдың түйінін шешпек болғандар көп. Тіпті, оптимистік мәлімдемелер жасап, 2023 жылға үлкен үмітпен қарағандар да жеткілікті болды. Бірақ қазір Қытайдағы ахуалға қарап, індеттен арылатын уақыт әлі алыс екенін аңғаруға болады,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.


«Биыл қандай үміт ақталмады?» деген сұраққа жауап іздеген жан пандемия тақырыбына тірелері сөзсіз. Себебі 2022 жылы мемлекет басшылары жаһан жұртына COVID-19-дың тарихқа айналатынын жария еткен еді. Қаңтарда Дания Премьері коронавирустың енді қоғамға еш қаупі жоқ десе, қыркүйекте Ақ үй басшысы індеттің аяқталғанын мәлімдеді. Алайда әлі күнге дейін әлем жұрты пандемиямен өмір сүріп келеді. Үш жылдай уақыт өтсе де, бұқараның «Вирус тезірек жойылса» деген ортақ арманы орындалар емес. Оны қазір Қытайдағы ахуалдан анық көруге болады. Шектеу шараларын соңғы елдердің бірі болып алып тастаған бұл мемлекетте бүгінде коронавирус өршіп тұр. Ауруханалар науқасқа лық толы. Дәрігерлер коронавирус жұқтырғандарды қабылдап үлгермей жатыр. 



«Соңғы күндері жүктеме тым артып кетті. Күн сайын ауруханаға 530 адам ауыр халде түседі. Олардың қанында оттегі мөлшері өте төмен. 50-70% төңірегінде ғана», - дейді медбике Чжоу Ин. 



Мұндай қарқынмен алдағы 1-2 айда Қытайда коронавирустан 1 млн адам көз жұмуы мүмкін. Сондықтан азаматтарды жаппай вакциналау керек. Әсіресе, қарт кісілерді. Өйткені екпе егу науқанын қолға алмаса, жаңажылдық абыр-сабыр кезінде науқастар саны одан сайын артады деген қауіп бар. 



 «Коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсіп жатқандар қатары артып жатыр. Қаңтар мен ақпан айларында ахуал бұдан да қатты нашарлай түсуі мүмкін. Сондықтан қыс мезгілі денсаулық сақтау саласы үшін айтарлықтай қиын болады. Оған тек коронавирус қана емес, осы мезгілде асқына түсетін тұмау да әсер етеді», - дейді Саутгемптон университетінің ғалымы Майкл Хед. 



Сарапшының сөзінше, науқастардың артуы тек Қытайда ғана емес, әлемнің көптеген елінде байқалады. 



"Солтүстік Америкада да Қытай ұқсас жағдай. Вирус жұқтыру деректері артып жатыр. Бұдан бөлек, Африка мемлекеттерінің жағдайына көңіл аударуымыз керек. Өйткені бұл елдерде әлі күнге вакцинаның бір дозасын да алмағандар көп. Нақты қанша адамның иммунитеті инфекцияға төтеп бере алатынына да белгісіз. Сондықтан осы аймақта эпидбақылауды күшейтуіміз керек», - дейді Саутгемптон университетінің ғалымы Майкл Хед.



Тағы бір мәселе, вирустың мутацияланған түрлерімен байланысты. Жаңа жылда оның жаңа түрі пайда болуы мүмкін. Сондықтан бустерлік дозаға мән берген абзал.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Пандемия #коронавирус #медицина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика