AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / ӨЗГЕ КӨЛІКТІ ЖҮРГІЗГЕНДЕ САҚТАНДЫРУ ШАРТЫ КЕРЕК ПЕ...

ӨЗГЕ КӨЛІКТІ ЖҮРГІЗГЕНДЕ САҚТАНДЫРУ ШАРТЫ КЕРЕК ПЕ?

Заң мен тəртіп 10.07.2021, 10:32 2,977
ӨЗГЕ КӨЛІКТІ ЖҮРГІЗГЕНДЕ САҚТАНДЫРУ ШАРТЫ КЕРЕК ПЕ?
Суреттер: С.Құсайынов


ЕЛДОС, қала тұрғыны: – Менің көлігім шетелдік. Мен оны сенімхат арқылы жүргізіп жүрмін. Маған сақтандыру шартын жасау керек пе? Жасамаған жағдайда айыппұл салына ма?


– Елге шет елдерден көлік кіргізіп, оны сенімхат арқылы жүргізіп жүргендер көбінесе сақтандыру шартын жасау көлік иесіне ғана керек деп ойлайтын көрінеді.


Егер жалдамалы жүргізушілерге немесе көліктің иесі оны жүргізуге рұқсат беріп, өзі жанында отыратын болса, сақтандыру шартын жасаудың не сақтандыру полисін алудың қажеті жоқ. Тек техниканың иесінде ғана сақтандыру болуы керек. Ал сенімхат арқылы жүргізетіндер не істейді? Жоғарыда аталған сақтандыру туралы заңда «Көлiк құралының иесi – көлiк құралын меншiк құқығымен, шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе жедел басқару құқығымен не кез келген басқа да заңды негiзде (мүлiктiк жалдау шартымен, құзыреттi органның көлiк құралын беру туралы өкiмiне орай және басқаша) иеленетiн жеке немесе заңды тұлға» деп жазылған. Мұндағы басқа да заңды негіз дегеніміз сенімхат рәсімдеу болып саналады.


Сондықтан көлікке сенімхат (қай елде берілгені маңызды емес) арқылы иелік еткен азаматтарға сақтандырусыз көлік басқаруға, нақтырақ айтсақ, заң бойынша сақтандырусыз көлікті «жолмен, сондай-ақ оларға іргелес салынған және көлiк құралдарының қозғалысына пайдаланылатын аумақтарда жүру үшiн пайдалануға болмайды».


Әкімшілік кодекстің 230-бабы, 2-тармағы бойынша Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасаспауы жеке тұлғаларға – 10, лауазымды адамдарға, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 160, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 400, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне 1000 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Полицейлер бұл заңды бұзғандардың көлігін айып тұрағына жіберуге құқылы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #бокс #заң #көлік #Талап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтің кезекшілігі күшейтіледі

Кеше 18:11

Алматының әкімі қаланың көше-жол желісін кеңейту жобаларымен танысты

Кеше 18:08

Бүгін Алматының бір метро станциясы жабылады

Кеше 16:30

«Гулливердің» Ұлттық ұланға саяхаты: Шымкентте 47 өлшемді аяқ киім киетін сарбаз қызмет етеді.

Кеше 16:20

Азиада-2026: Қазақстанның спортшыларына қанша сыйақы беріледі?

Кеше 15:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);