AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Отбасы күні: ұзақ жыл отасудың сыры неде?

Отбасы күні: ұзақ жыл отасудың сыры неде?

Әлеумет Бүгін 09:22 40 yakiya
Отбасы күні: ұзақ жыл отасудың сыры неде?
Қайрат Қонысбаев

Алматының Медеу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай, арысы – 70, 60, берісі 50 жыл отасып келе жатқан үбірлі-шүбірлі, өнегелі де үлгілі ерлі-зайыптылар мен жастар арасында тағылымды кездесу өтті.

Екі буынның жүздесуі үйреншікті ресми форматта емес, еркін әңгіме, ашық пікір алмасу, тәрбиелік мәні бар диалог-сұхбат түрінде көрініс тапты. Тағы бір қуантқаны – жиналған жастар қарасы көп болды.

«Отбасылық ұзақ ғұмырдың даналығы» деп айдар тағылған іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында отбасы құндылығын дәріптеу, ұрпақ сабақтастығын насихаттау және өнегелі жандардың өмір жолын үлгі ету.

Әдемі кештің шымылдығын ашқан Медеу ауданы әкімінің орынбасары Айдос Нұрлыбаев өзара құрмет, сенім мен махаббаттың үлгісін көрсетіп, жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп келе жатқан аға буынға алғысын білдірді.

67 жыл бірге ғұмыр кешіп, үш перзент, жеті немере, екі шөбере сүйген абыз ақсақал, аңыз адам, журналист, аудармашы, Қазақстанның құрметті жазушысы, 92 жастағы Сарбас Ақтаев пен жары Ғайнижамал Жәнібекова. Олар 1959 жылы отау құрған.

Ал 50 жылдан астам уақыттан бері ешқашан жұбы жазылмаған Рахымхан Нүптекеев пен Ұлжан Тоқтасынова 1974 жылы шаңырақ көткрген. Олар да ұл-қызын аяқтандырған бақытты ата-ана.

Саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған Нүсіпәлі Тілепбергенов пен Бейбітжан Нүсіпова да бүгінгі күні ұл-қызы алақанына салып әлпештеп отырған бақытты жандар.

45 жылда жұбайлар «сапфир тойын» тойлайды екен. Қазақстанның құрметті құрылысшысы, «Құрмет» орденінің иегері Алмас Тілеубаев пен Гүлсара Алтынбекова осынша жыл қол ұстасып келе жатыр. Бақытты ата-әже.

Кештің жүргізушісі, белгілі журналист Жазира Бегалы меймандарды «Сезімге, сенімге сызат түсірмей, бір шаңырақ астында ұзақ жыл бірге тұрудың сыры неде?», «Отбасында ер адамның рөлі қандай болу керек? «Сіздер үйде келіспеушілік туындаған жағдайда қалай шештіңіздер?», «Сіздің кезіңізде мәхр деген болды ма, осы ұғымға қалай қалай қарайсыз, сіз еріңізден мәхр сұрап па едіңіз?», «Өнегелі ұрпақ өсіру, абыройлы қызмет етудің, үйдің де, түздің де жұмысын ақсатпай қатар алып жүрудің құпиясы қандай?», «Өнегелі ұрпақ өсіру, абыройлы қызмет етудің, үйдің де, түздің де жұмысын ақсатпай қатар алып жүрудің құпиясы қандай?» сынды сұрақтармен ашық әңгімеге жетелеп отырды.

Ғайнижамал ЖӘНІБЕКОВА, жарымен отасқанына 67 жыл:

– Байқауымша, қазіргі ерлі-зайыптылардың арасында өз ақшамды өзім ұстап, өзім жұмсауым керек дейтіндер кездеседі. Олай мүлдем дұрыс емес. Өмірлік боламыз деп бас құрағандықтан, екі жаққа тартпай, қаражатты да екеуіңіз бірге ақылдасып жұмсап, ортақ ұстап, бір-біріңізге ашық, сенімді болған жерде бірлік, татулық болады. Біз – аталарыңыз екеуміз отбасындағы кішігірім деген мәселенің өзін ақылдасып шешетінбіз. Бір-бірімізге сүйеніш бола білдік. Шаңырақтағы береке-бірліктің діңгегі – өзара түсіністікте, сыйластықта.

Рахымхан НҮПТЕКЕЕВ, шаңырақ көтергеніне 50 жыл:

– Бүгінгі жастарға айтарым – отбасын құру оңай, ал оны сақтау – үлкен еңбек. Кез келген мәселені сабырмен шешіп, бір-біріне сенім арта білу керек. Сонда ғана отбасы берік болады. Бақыттың кілті – қарапайым ғана сыйластықта. Шаңырақ болғасын ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Ұрыс-керісті ушықтырмау үшін, егер бірі ашуға мініп жатқанда, екіншісі төмен түсе қоюы керек. Ал ер адамның сыртқа шығып кетіп, ашуын суытып келгенінің өзі талай келіспеушіліктің алдын алады. Мұндайда сабыр – ең үлкен дос дегім келеді жастарға.

Гүлсара АЛТЫНБЕКОВА, жарымен жарасым тапқанына 45 жыл:

– Шынайы сезім кез келген қиындықтан алып шығады. Бірге ұзақ өмір сүрудің сыры – ерлі-зайыптының бір-біріне деген махаббаты, құрметі, мейірімі және қамқорлығы риясыз болуы керек. Және айтарым, әйел адам ерінен әрдайым бір саты төмен тұрғаны абзал. Қандай қызметте жүрсеңіздер де, түзден отбасына оралғанда, мансап-лауазымды табалдырықтың сыртында қалдырып, үйде тек ерлі-зайыпты болуыңыз керек. Қызмет мәңгілік емес, сыйластық қана мәңгілік. Өзара татулық, құрмет, биік махаббат салтанат құрған шаңыраққа ғана бақыт ұялайды.

Иә, ғұмыры бір кітапқа арқау болатын, жұбайлық өмірде ешқашан әңгімесі таусылмаған, сезімі, сенімі аласармаған ардақты, аяулы қарияларымыз отбасын сақтаудың сыры – сабыр, сыйластық, түсіністік пен кешірімділік екенін айтып, өмірлік тәжірибесін бөлісті. Олар адалдық пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіріп, отбасы берекесінің негізі – өзара құрмет екенін ерекше атап өтті.

Тоқсанның төріндегі Сарбас Ақтаев ақсақал Ғайнижамал бәйбішесіне деген құрметін көпшілік алдында білдіріп, өлеңін де оқып берді.

Шаңырағымның шырағы,

Шабытымның пырағы.

Өмірімнің жыр-әні,

Көңілімнің шуағы.

Ырысымның бұлағы,

Тұрмысымның тұмары.

Сен аз уақыт болмасаң,

Үйім қаңырап тұрады.

Бар бақыттың сенсің,

Жаным тұрағы!

Дүниежүзінде ең ұзақ жыл отасқан Джон мен Шарлотта Хендерсондар екен. АҚШ тұрғындары 2019 жылы осы рекордпен тіркелген кезде бірге өмір сүрген уақыты 80 жылдан асыпты. Ал бізде әзірге мұндай ресми мәлімет жоқ екен.

Елімізде былтыр 115 мың неке заңдастырылса, 45 700 шаңырақ шайқалған деген дерек бар. Бұл кездесу жастарды адал жар табуға, бір-бірін құрметтей білуге, қиындықтар кездесе қалған жағдайда оны шешу жолын бірге іздеуге, жарасымды ғұмыр кеше білуге үндегені анық.

Кешке жиналған жастар ұзақ және ғибратты өмір сүрудің үлгісін көрсеткен кейіпкерлерімізбен естелік суретке түсіп тарқасты.

Нұржамал ӘЛІШ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Отбасы күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бүгін – халықаралық отбасы күні

Бүгін 09:41

15 мамырда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:31

Қазақстан мен Түркия президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды

Кеше 20:28

Демеу Жадраев 77 келіге дейінгі салмақта Қазақстан Кубогының чемпионы атанды. Финалда Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері - Қаһарман Қисметовтан басым түсті

Кеше 19:01

Елордалық жасөспірім шахматтан Қазақстан чемпионы атанды

Кеше 19:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);