Оқушы орындарының тапшылығы ең төмен аудан

Оқушы орындарының тапшылығы ең төмен аудан almaty-akshamy.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Алмалы ауданында өткен жылдың соңында Райымбек даңғылының Әуезов көшесімен қиылысында 1,5 мың орынға мектеп құрылысы басталды.


Құрылыс-монтаж жұмыстарын  2024 жылдың соңында аяқтау жоспарлануда.


Биыл 2-тоқсанда №16 мектепке 300 орынға арналған және №58 мектепке 576 орынға арналған қосалқы жапсаржайлар салынады.



2023 жылғы қараша айынан бастап №136 мектеп-гимназияда күрделі жөндеу және сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілуде, олар биыл қазан айында аяқталады. Сондай-ақ биыл 3-тоқсанда №134 және №135 мектептердің ғимараттары күрделі жөнделіп,  сейсмикалық күшейтіледі. Мектепке дейінгі білім беру саласында ағымдағы жылы Мәуленов көшесіндегі ғимаратты сейсмикалық күшейте отырып күрделі жөндеу жоспарлануда, онда 145 орынға балабақша ашылады.



Сонымен қатар № 10, № 20, № 43 балабақшалар күрделі жөндеуден өтеді. Сондай-ақ, Тастақ шағын ауданындағы Тілендиев көшесіндегі қолданыстағы ғимараттар бұзылып, 300 орындық балабақша салынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:56

15:46

15:33

15:21

15:11

14:51

14:36

14:20

14:10

13:26

12:45

12:26

12:14

12:01

11:51

11:35

11:33

11:20

11:15

11:10

11:00

10:43

10:35

10:21

10:14