AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Наурызға арналған мерекелік жеңілдіктер: Алматыда...

Наурызға арналған мерекелік жеңілдіктер: Алматыда «Nauryz Sale» науқаны өтіп жатыр

Әлеумет Бүгін 09:35 109
Наурызға арналған мерекелік жеңілдіктер: Алматыда «Nauryz Sale» науқаны өтіп жатыр
Алматы әкімдігі

Алматыда Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған ауқымды «Nauryz Sale» мерекелік науқаны жалғасып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026 жылы 13-23 наурыз аралығында қала тұрғындары мен қонақтары мегаполистің ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында азық-түлік пен түрлі тауарларды 10-30% жеңілдікпен сатып ала алады.

Бастама қазақстандық өндірушілерді қолдау, ішкі сауданы дамыту және мереке күндері қалада ерекше көңіл күй қалыптастыруға бағытталған республикалық акция аясында ұйымдастырылып жатыр.

Науқанға қаланың бірқатар сауда орталықтары қосылды. Атап айтсақ, Forum Almaty, Globus, Mega Park, Aport East, Almaty Mall, Dostyk Plaza, Moskva, Mart, Sputnik Mall және Maxima. Акцияның алғашқы күндерінде-ақ келушілер саны айтарлықтай артқан. Бұл «Nauryz Sale» акциясына алматылықтар мен қала қонақтарының қызығушылығы жоғары екенін көрсетеді.

Ұйымдастырушылар мен тұрғындардың айтуынша, мұндай бастамалардың қала өмірі үшін маңызы зор. Акция тиімді сауда жасауға мүмкіндік беріп қана қоймай, Наурыз мерекесінің ерекше атмосферасын сезінуге жол ашады. Сауда орталықтары мереке күндері отбасылық демалыс орнына айналып, тұрғындар ұлттық дәстүрлермен танысып, мерекенің ерекше рухын сезіне алады.

Сондай-ақ, келушілерге жеңілдіктермен қатар, мерекелік мәдени-ойын-сауық бағдарламалары да әзірленген. Қонақтарды тақырыптық жәрмеңкелер, концерттер, ұлттық нақыштағы фотоаймақтар, интерактивті алаңдар, шеберлік сабақтары және балалар мен ересектерге арналған ойындар күтеді. Негізгі мәдени бағдарлама 20-23 наурыз аралығында өтеді, дегенмен мерекелік көңіл күй қазірдің өзінде қаладағы сауда орталықтарында сезіле бастады.

*Сауда ойын-сауық оталықтарындағы мерекелік бағдарламалар:*

*FORUM СОО*

2026 жылғы 22 наурызда Forum сауда орталығында арнайы мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады. Келушілер ұлттық «Алтыбақан», батырлар кейпіндегі аниматорларды көріп, бауырсақтан дәм татады, ұлттық тағамдар ұсынылатын көшелік жәрмеңке, концерттік бағдарлама және сыйлықтар ұтысына куә болады.

Сонымен қатар, киіз үй үлгісіндегі тақырыптық фотоаймақ, балалар мен ересектерге арналған ұлттық ойындар, қыш жасау бойынша шебердің сабақтары, ұлттық аспаптарда өнер көрсететін live band концерті және балалар музыкалық ұжымдарының қойылымдары өтеді.

Сауда орталығының бірінші қабатында (Galmart аймағында) ұлттық тауарлар жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Бұдан бөлек, 21-24 наурыз аралығында Forum аумағында «Қазақстанның SOS Балалар ауылдары» қорының қатысуымен «Нөмір бойынша картина» атты қайырымдылық акциясы өтеді. Қонақтар ортақ картинаны бояуға қатысып, қайырымдылық бастаманы қолдай алады.

*Maxima СОО*

2026 жылы 22 наурызда Maxima қонақтары батырлар қатысатын мерекелік шоу-бағдарлама мен ұлттық ансамбльдің өнерін көріп, сауда кешенін жалға алушылар ұсынатын бауырсақтан дәм татады.

*Aport West СОК*

21 наурыз күні сағат 15:00-16:00 аралығында Aport West аумағында қазақстандық эстрада жұлдыздары Бүркіт пен Аиша концерт қояды.

Мерекелік бағдарлама барысында қонақтар бауырсақ пен Наурыз көжеден дәм татады. Сонымен қатар шығармашылық ұжымдардың би қойылымдары, Қазақстан халықтарының билері, түрлі шебердің сабақтары, аниматорлар ұйымдастыратын ойын-сауық бағдарламалары және ұлттық спорт түрлеріне арналған ойындар өтеді.

Сауда кешеніндегі дүкендерде арнайы жеңілдіктер жарияланып, бағалы сыйлықтар мен сертификаттар ұтысы ұйымдастырылады.

*MART СОО*

MART сауда орталығында ұлттық киім киген аниматорлар мен қазақтың дәстүрлі әуендері шырқалып тұратын мерекелік арба жүреді. Арба әр 5-10 минут сайын тоқтап, келушілерді ұлттық ойындарға шақырып, түрлі сыйлықтар таратады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Nauryz Sale» акциясы көктем мезгіліндегі қала тұрғындары асыға күтетін бастамалардың біріне айналды. Бұл жоба халықтық мереке рухын, мәдени дәстүрді және заманауи демалыс форматын біріктіріп, алматылықтарға отбасымен бірге уақыт өткізуге, концерттер мен ойын-сауық бағдарламаларын тамашалауға әрі тиімді сауда жасауға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#наурыз мерекесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қазандық пен жылумен жабдықтау жүйесін жаңғыртуды жалғастырып жатыр

Бүгін 11:15

Өтің ауырмасын десең...

Бүгін 11:05

Көлік министрлігі ақылы жолдарда төлем жасау ережелерін жеңілдетті

Бүгін 10:53

«Дүкеннен сатып алатын көңіл-күй»: шопоголизмнің жасырын қаупі

Бүгін 10:23

Алматылықтар отбасының қандай маңызы барын айтып берді

Бүгін 10:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика