AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстан Президенті Иордания Королін Al-Farabi о...

Қазақстан Президенті Иордания Королін Al-Farabi орденімен марапаттады

Саясат Бүгін 18:45 21
Қазақстан Президенті  Иордания Королін Al-Farabi орденімен марапаттады
Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі II Абдалланы Al-Farabi орденімен марапаттады. Бұл марапат екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің нығаюын көрсетеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сапардың маңызы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король II Абдалланың елімізге сапарын Қазақстан мен Иорданияның стратегиялық серіктестігі тереңдей түскенінің айқын көрінісі деп атады.

Президенттің пайымдауынша, жоғары деңгейдегі қарқынды ықпалдастық ортақ басымдықтарды және екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібін ілгерілетуге қолайлы жағдай туғызады.

"Біз Иорданиямен сан қырлы байланыстарды жоғары бағалаймыз. Еліміз Сізді бүкіл әлемде беделі биік көрнекті әрі көреген көшбасшы ретінде біледі. Сіздің тегеурінді, байыпты басшылығыңызбен Иордания бейбітшілік пен тұрақтылықтың, абырой мен әділеттің мекені, сондай-ақ қарқынды даму үстіндегі инновация мен орнықты өсім орталығы ретінде танылды. Әлемдік қоғамдастық Сіздің ой-пікіріңізге құлақ асады, жаһандық диалогты өрбітуге елеулі түрде ықпал етіп келесіз. «Ақаба процесі» бастамасы Сіздің халықаралық қауіпсіздікті күшейтуге әрдайым бейіл екеніңізді анық көрсетеді. Ертең Астанада Иорданиямен бірлесіп осы бастама аясындағы кезекті саммитті өткіземіз. Бұл – біз үшін үлкен мәртебе," – деді Мемлекет басшысы.

Ынтымақтастықтың нәтижелері

Қасым-Жомарт Тоқаев Корольдің дәйекті қолдауының арқасында екіжақты ынтымақтастық қазірдің өзінде айтарлықтай нәтижелерге ұласқанына назар аударды.

"Бүгінде серіктестігіміз екі мемлекеттің де зор әлеуетін аша отырып, жаңа, перспективті бағыттарда белсенді түрде дамып келеді. Былтыр ұйымдастырылған өзара сапарлар бұған тың серпін берді. Осы оң қарқынды сақтап, ықпалдастықты бұдан да жоғары деңгейге жеткізуге ниеттімін," – деді Президент.

Достық байланыстар

Мемлекет басшысы Король II Абдалланы Қазақстанның жақын досы санайтынын айтты.

"Қазақстан мен Иорданияның арасындағы достық байланыстарды нығайтуға қосқан елеулі үлесіңіз үшін Сізге Al-Farabi орденін табыстау – мен үшін зор мәртебе. Бұл жоғары награданың атауы Шығыстың ұлы ойшылының құрметіне қойылды. Әл-Фарабидің мұрасы қаншама буынды қанаттандырып, адамгершілік шамшырағы болып келеді. Ол саяси ой-сананың, ғылым мен әдебиеттің қалыптасуында баға жетпес тарихи рөл атқарды. Әл-Фараби күллі араб әлемінің жүрегіне жол тапқан ақылдың кені іспеттес. Оның ешқашан өзектілігін жоймайтын даналық, үйлесім және бірлік туралы ұлағатты ойлары – мәдениеттеріміздің ортақ қазынасы. Біз Сіздің осынау ізгі құндылықтарды дәріптеуге қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Аталған мәртебелі марапаттың алғашқы иегері болып отырсыз. Мұны тарихи уақиға деп санаймыз. Осы жоғары награданы Қазақстанның Сізге деген риясыз құрметінің белгісі ретінде қабыл алыңыз," – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Ақордада Иордания королін қарсы алу рәсімі өтті

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Тоқаев #сараптама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында Құрылтай депутаттарының өңір тұрғындарымен кездесулері өтуде

Бүгін 20:24

ҚазҰУ-да медиа және ЖИ бойынша халықаралық мектеп басталды

Бүгін 19:54

"Заң мен тәртіп": Алматыда қоғамдағы медиацианың рөлін талқылады

Бүгін 19:31

Алматы қаласы Білім басқармасының ахуалдық орталығы халықаралық рейтингте ТОП-10 қатарына енді

Бүгін 19:00

Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді

Бүгін 18:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);