AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Наурыз – ұлттық құндылықтар мерекесі

Наурыз – ұлттық құндылықтар мерекесі

Әлеумет 14.03.2025, 17:29 1,069
Наурыз – ұлттық құндылықтар мерекесі
aqshamnews.kz

Қазіргі таңда білім жеке тұлғаның кәсіби дамуын ғана емес, оның дүниетанымы мен қоршаған әлемге көзқарасын қалыптастыратын маңызды құралға айналды.

Осы тұрғыда ұлттық құндылықтарды сақтау мен насихаттау ерекше маңызға ие. Халықтың мәдени мұрасы, салт-дәстүрлері мен наным-сенімдері өскелең ұрпаққа рухани тәрбие берудің негізі болуы тиіс. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы жастардың өз мәдениеті мен тарихына деген құрметі артып, олардың қоғамдағы орны айқындалады.

Мұхтар Шаханов өзінің «Төрт ана» өлеңінде:

Туған жері – түп қазығы, айбыны,
Туған тілі – мәңгі өнеге айдыны,
Жан байлығы, салт-дәстүрі – тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.

деп жырлағандай, ұлттық рухта тәрбиеленген балалар туған жерін қадірлеп, өз мәдениетіне құрметпен қарайтын азамат болып қалыптасады.

Ұлттық құндылықтарды насихаттау – жаһандану жағдайында халықтың бірегейлігін сақтаудың маңызды шарттарының бірі. Бұл үрдіс мәдени әртүрлілікті құрметтеу қағидаттарына қайшы келмей, толеранттылық пен өзара сыйластық негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Қазақстанда барлық этностардың бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруі қазақстандық патриотизм идеясын нығайтудың жарқын үлгісі болып табылады.

Осы мақсатта Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты №19 жалпы білім беретін мектепте 14 наурыз – Көрісу күніне арналған мерекелік шара өтті. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының бастауы саналатын Амал мерекесі мектеп ұжымы мен «Медеу ауданының белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» өкілдерінің қатысуымен атап өтілді.

Іс-шараға ауданымыздың өмірге құштар қарттары арнайы шақырылып, олар оқушыларға өнегелі өмір жолдары туралы әңгімелеп, ақ баталарын берді. Ардагерлер тағдырдың түрлі сынағына қарамастан, өмірлік ұстанымдарын жоғалтпай, кейінгі буынға үлгі боларлық ғұмыр кешкенін тебіреніспен жеткізді. Оқушылар да өз тарапынан үлкендерге құрмет көрсетіп, жылы лебіздері мен шынайы ықыластарын білдірді.

Патриоттық тәрбиені қалыптастыру ең алдымен мектеп қабырғасынан басталады. Балалардың бойына туған жерге деген сүйіспеншілікті сіңіру – әрбір ұстаздың міндеті. Ұлттық құндылықтарды насихаттау арқылы мәдени мұраның сақталуына ықпал етіп, жастарды өз тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауға баулу – басты мақсатымыз.

Білім беру жүйесіне ұлттық құндылықтарды енгізу – қоғамның тұрақты дамуына, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға және жаһандық өркениетпен үйлесімділікке жетуге мүмкіндік береді. Бұл ұстанымды сақтау арқылы ғана біз өз бірегейлігімізді сақтап, елдің болашақ дамуына оң үлес қоса аламыз.

Калдыбекова Айнаш Акылбековна
№19 жалпы білім беретін мектеп
басшысының бірінші санатты орынбасары

Телеграм арнаға жазылыңыз
#наурыз #көктем #мереке #Дәстүр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «WorldSkills Almaty – 2026» ауқымды кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Бүгін 18:14

Дархан Сатыбалды Айнабұлақтағы көріктендіру жұмыстарын тексерді

Бүгін 15:15

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Бүгін 14:14

Ерболат Досаев Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Бүгін 14:11

Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

Бүгін 13:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика