AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Наурыз» және «Отау» бағдарламалары арқылы 5,5 мың...

«Наурыз» және «Отау» бағдарламалары арқылы 5,5 мың жас баспаналы болды

Әлеумет 25.07.2025, 10:49 1,023
«Наурыз» және «Отау» бағдарламалары арқылы 5,5 мың жас баспаналы болды
aqshamnews.kz

Қазақстанда жұмысшы мамандықтар жылы аясында жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Үкімет әлеуметтік қолдаудың жаңа тетіктерін іске қосып, жастар арасында ең өзекті мәселе — баспана мәселесін шешуге нақты қадам жасады, деп хабарлайды Aqshamnews.kz сайты

Үкімет үйінде өткен баспасөз конференциясында Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру барысын баяндап, екі ірі тұрғын үй бағдарламасына — «Наурыз» және «Отау» жобаларына 220 млрд теңге бөлінгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бөлінген қаражаттың арқасында 5,5 мың жас жаңа пәтерге қол жеткізген.

Екі бағдарлама да жастардың, әсіресе жұмысшы мамандық иелерінің баспана мәселесін шешуге бағытталған. Мемлекеттен бөлінген 220 млрд теңге — бұл тек қаражат емес, мыңдаған жасқа берілген үміт пен қолдаудың айқын көрінісі.

«Наурыз» бағдарламасы — еңбек етіп жүрген жастар мен жас отбасыларға арналған, ал «Отау» бағдарламасы ауылдық жерлердегі жастарды баспанамен қамтамасыз етуді көздейді. Бұл жобалар арқылы еліміздің әр өңірінде жастар үшін қолжетімді және жайлы баспана салынуда.

2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы ретінде бекітілді. Бұл аясында тек кәсіби білім мен еңбек нарығындағы сұранысты арттыру ғана емес, еңбек адамдарын әлеуметтік қолдау да қарастырылып отыр. Баспана — соның нақты көрінісі.

Елдің түрлі аймақтарында құрылыс қарқыны артып, жастарға арналған пәтерлер саны көбейіп келеді. Бұл бір жағынан құрылыс саласын дамытса, екінші жағынан жастардың тұрақты өмір сүруіне мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жастар #жұмыс #баспана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алматы кештері» музыкалық кеші өтті

Бүгін 20:57

Алматыда Сыдық Дәулетовтің «Нар жолы» кітабы таныстырылды

Бүгін 20:52

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Алматы қаласы мен Алматы облысындағы ірі жобалардың жай-күйімен танысты

Бүгін 19:31

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Алматы қаласы мен Алматы облысындағы ірі жобалардың жай-күйімен танысты

Бүгін 18:01

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен кездесу өткізді

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);