AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда "Музыкалық аспаптар әлемі" ашылды

Алматыда "Музыкалық аспаптар әлемі" ашылды

Мәдени Алматы Бүгін 19:40 39
Алматыда "Музыкалық аспаптар әлемі" ашылды
Фото: Қайрат Қоныспаев

Көрмеге аспаптардың ең қызықты үлгілері қойылған, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі өз шаңырағында Алматының Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейімен бірлесіп "Музыкалық аспаптар әлемі" көрмесін ашты.

Көрмеге қос музейдің қорында сақталған аспаптардың ең қызықты үлгілері қойылған. Мәселен, экспозициядан кезінде Сәкен Сейфуллиннің неміс танысына сыйға тартқан цитрасын көруге болады. Алматыда тұрған әлгі азамат кейін тарихи Отанына көшкен кезде сол аспапты көршісіне қалдырып кеткен екен. Ал көршісі оны музейге тапсырған.

"Музыкалық аспаптар әлемі" – екі музейдің бірлескен жобасы. Оның мақсаты – келушілерді түрлі халықтың музыкалық және мәдени дәстүрлерімен таныстыру. Әр халықтың өз үні бар. Ол кейде ән арқылы, кейде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан әуен арқылы естілсе, енді бірде музыкалық аспаптың өз болмысынан көрініс табады. Аспаптың пішіні, жасалған материалы мен құрылымының астарында біз ойлағаннан әлдеқайда терең мағына жатыр. Олардың әрқайсысы белгілі бір халықтың тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, дүниетанымы мен сұлулық туралы түсінігінен сыр шертеді", – дейді ҚР Ұлттық орталық музейі директорының орынбасары Ғалия Теміртон.

Иә, бұл көрме қазақ халқының дәстүрлі музыкалық аспаптарымен қатар, ұйғыр, өзбек, қырғыз, орыс, итальян, қытай және басқа да халықтардың музыкалық аспаптарын ұсынған.

Көрмеде ҚР Ұлттық орталық музейінің реставратор-шебері Дәулетжан Үсеновтің де қолынан шыққан бірнеше аспабы қойылған. Арасында қобыз да бар. Ата жолын, дәстүрін үзбей жалғап келе жатқан шебердің айтуынша, атасы ат әбзелдерін, ер-тұрман жасаған, ал әкесі өмір бойы музыкалық аспаптар жасаумен айналысқан. Бала кезінен әкесінің жанынан шықпай, оған көмектесіп жүріп ержетіпті. Жетінші сыныпта оқып жүргенінде оған арнап домбыра жасап берген. Ал жиырма жасында өзінің алғашқы аспабын өмірге әкелген. Содан бері осы кәсіппен айналысып келеді.

"Мен бүгінгі көрмеде домбыраның шанағы қалай құралады, беттақтайы қалай жабылады, желімін қалай жағу керек, пернелері қалай тағылады, ішегі қалай тартылады, соны түсіндіріп өттім. Себебі, бұл процестің бәрі аспаптың сапалы, үнінің әуезді шығуына тікелей байланысты. Электронды домбыра жасайтын шеберлер үшін оған механизмді қондыру тәсілін де көрсеттім. Өзім домбыра жасап келе жатқаныма қырық жыл болыпты. Жолаушы Тұрдығұловтың шәкірті екенімді мақтан етемін", – дейді музыкалық аспаптар жасау шебері Дәулетжан Үсенов.

Көрме аясында, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінің интерактивтік-эксперименттік қоры негізінде қазақтың ұлы тұлғалары – Абай Құнанбайұлы, Махамбет Өтемісұлы, Дина Нұрпейісова және басқа да көрнекті тұлғаларға тиесілі домбыралардың дәлме-дәл көшірмелері интерактивтік форматта ұсынылды.

Нұржамал ӘЛІШ

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана – есірткісіз қала»: елордада кикбоксингтен республикалық турнир өтті

Бүгін 17:33

Almaty Aqparat медиахолдингіне жаңа басшы тағайындалды

Бүгін 17:25

Үкіметте жылыжай көкөністері, ет және сүт өнімдерінің бағасын тұрақтандыру шаралары қарастырылды

Бүгін 16:30

Алматылық бес ауыр атлет Қазақстан чемпионатынан жүлдемен оралды

Бүгін 16:11

Астанада мектеп ұстазы 7 мың ескі кітаптан ерекше мұнара тұрғызды

Бүгін 16:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);