AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Үкіметте жылыжай көкөністері, ет және сүт өнімдері...

Үкіметте жылыжай көкөністері, ет және сүт өнімдерінің бағасын тұрақтандыру шаралары қарастырылды

Экономика Бүгін 16:30 40
Үкіметте жылыжай көкөністері, ет және сүт өнімдерінің бағасын тұрақтандыру шаралары қарастырылды
Сурет: primeminister.kz

Маусымаралық кезең қарсаңында Үкіметте жылыжай көкөністері, ет және сүт өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қаралды. Ішкі нарықты азық-түлікпен қамтамасыз ету және бағаның өсуін тежеу мәселелері Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды.

Қазан айының қорытындысы бойынша азық-түлік бағасының айлық өсімі 0,2%-ды құрады. Ал жылдық азық-түлік инфляциясы қыркүйектегі 8,5%-дан қазанда 7,6%-ға дейін баяулады.

Жиында қаралған негізгі мәселелердің бірі - маусымаралық кезеңде әдетте қымбаттайтын қияр мен қызанақ бағасын тұрақтандыру. Сауда және интеграция министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі өнім бағасының өсуін тежеу бойынша келіссөздер жүргізу үшін 40 ірі жылыжай шаруашылығын анықтады.

Атап айтқанда, электр энергиясын көтерме нарықтан сатып алатын 14 ірі жылыжай шаруашылығын бөлшек сауда тарифіне көшіру мүмкіндігі қарастырылуда. Энергетика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, тиісті тетікті әзірлеу тапсырылды. Өз кезегінде бұл кәсіпорындар қияр мен қызанақтың өндірушіден алу бағасын тұрақтандыру бойынша міндеттемелер қабылдауы тиіс.

Халықтың ет өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алуына мүмкіндік жасау үшін өңірлерде «Соғым-FEST» мамандандырылған ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу тәжірибесі кеңейтілуде. Мұндай жәрмеңкелерде тұрғындар етті делдалсыз, тікелей өндірушілерден сатып ала алады. Сонымен қатар ішкі нарықты ет өнімдерімен жеткілікті көлемде қамтамасыз ету мақсатында сиыр және қой еті экспортын реттеудің қосымша тетіктері қаралды.

Кеңесте сүт өнімдерінің бағасына да ерекше назар аударылды. Салалық министрліктің мәліметінше, жыл басынан бері шикі сүттің бағасы 6,4%-ға, сүт өнімдерін өндірушілердің босату бағасы 5,4%-ға, ал тұтыну бағасы 5,8%-ға өскен. Ал бағаның одан әрі қымбаттауын тежеу үшін шикі сүт өндірушілер мен сүт өңдеу кәсіпорындары арасындағы келісімдерді бекіту, оның ішінде бағаны тұрақтандыру жөнінде меморандумдар жасасу ұсынылды.

Сондай-ақ  жиында азық-түлік инфляциясын бақылауға арналған ақпараттық жүйе таныстырылды. Жүйе тауар топтары мен өңірлер бойынша баға өзгерісін қадағалауға, әлеуметтік маңызы бар және басқа да азық-түлік тауарларының инфляцияға әсерін бағалауға, сондай-ақ өнімдердің қымбаттауына ықпал ететін негізгі себептерді анықтауға мүмкіндік береді.

Кеңес қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға баға мониторингін күшейту, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу тәжірибесін кеңейту және ішкі нарықта азық-түлік тауарларының жеткілікті көлемде болуын қамтамасыз ету шараларын қабылдау тапсырылды.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#баға #экономика #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық бес ауыр атлет Қазақстан чемпионатынан жүлдемен оралды

Бүгін 16:11

Астанада мектеп ұстазы 7 мың ескі кітаптан ерекше мұнара тұрғызды

Бүгін 16:07

Мемлекет басшысы Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебайды қабылдады

Бүгін 15:45

Алматыда «Жасыл аула – 2026» акциясы аясында екі күнде мыңға жуық ағаш көшеті таратылды

Бүгін 14:45

Жол жүру уақыты екі есеге қысқарады: «Қызылорда – Жезқазған» тасжолын реконструкциялау аяқталды

Бүгін 14:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);