AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / «Астана – есірткісіз қала»: елордада кикбоксингтен...

«Астана – есірткісіз қала»: елордада кикбоксингтен республикалық турнир өтті

Спорт Бүгін 17:33 22
«Астана – есірткісіз қала»: елордада кикбоксингтен республикалық турнир өтті
Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Жарысқа еліміздің 15 өңірінен және шетелден 600-ден аса жас спортшы қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Елордада «Астана – есірткісіз қала» бастамасы аясында 600-ден астам жас спортшы Қазақстанның Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың құрметіне арналған VII республикалық кикбоксинг турнирінде бақ сынады.

Жарысқа еліміздің 15 өңірінен және шетелден 600-ден астам жас спортшы қатысты.
17-21 қараша аралығында «Аспан» спорт кешенінде ұйымдастырылған жарыс жастар, жасөспірімдер және юниорлар арасында өтті. Спортшылар K-1, Full Contact, Low Kick және Kick Light бағыттары бойынша үш ринг пен екі татамиде бақ сынады.

Астана қаласы кикбоксинг федерациясының вице-президенті, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жарыстың жауапты ұйымдастырушысы Ернар Омаровтың айтуынша, турнир үш жас санатында өтіп, өскелең ұрпақтың өзара тәжірибе алмасуынп және спорттық шеберлігін шыңдауына мүмкіндік берді.

«Бұл – еліміздегі кикбоксинг спортының дамуына үлес қосатын республикалық деңгейдегі жарыстардың бірі. Турнирге жастар, юниорлар және жасөспірімдер санатындағы спортшылар қатысты. Әр жас санатында шамамен 12-13 салмақ дәрежесі қарастырылған. Жарыс екі бөлім бойынша өтіп, жалпы есепте 100-ге жуық сайыс бөлімін қамтыды. Сондықтан қатысушылар үшін бұл тек жүлде сарапқа салатын дода емес, сонымен қатар өз деңгейін байқап, тәжірибе жинақтайтын маңызды мүмкіндік болды. Мұндай турнирлер өскелең ұрпақтың спортқа қызығушылығын арттырып, елімізде кикбоксингтің дамуына серпін береді», – деді Ернар Омаров.

Турнирдің басты мақсаты – жастар арасында спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу.

«Біз жастарды қолдаймыз. Оларды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстап, дұрыс орта қалыптастыруға, спортпен шұғылдануға шақырамыз. Бұл турнирге 600-ден астам спортшы қатысып отыр. Сонымен қатар олардың ата-аналары да жарысты тамашалауға келді. Жастар – еліміздің болашағы. Сондықтан олардың бос уақытын тиімді өткізіп, спортқа ден қоюына жағдай жасау маңызды. Осындай жарыстар жас буынның бойында тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді», – деді Астана қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Жандос Сейтенов.

Мұндай бастамалар жастардың бұқаралық спортқа қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануына жол ашады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Almaty Aqparat медиахолдингіне жаңа басшы тағайындалды

Бүгін 17:25

Үкіметте жылыжай көкөністері, ет және сүт өнімдерінің бағасын тұрақтандыру шаралары қарастырылды

Бүгін 16:30

Алматылық бес ауыр атлет Қазақстан чемпионатынан жүлдемен оралды

Бүгін 16:11

Астанада мектеп ұстазы 7 мың ескі кітаптан ерекше мұнара тұрғызды

Бүгін 16:07

Мемлекет басшысы Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебайды қабылдады

Бүгін 15:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);