AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Nauryz Almaty Vibe: роботтар мерекенің жұлдызына а...

Nauryz Almaty Vibe: роботтар мерекенің жұлдызына айналды

Әлеумет 22.03.2025, 11:26 639
Nauryz Almaty Vibe: роботтар мерекенің жұлдызына айналды
Алматы қаласы әкімдігі

Робот-гуманоидтар алматылықтар мен қала қонақтарын Наурыз мейрамымен құттықтап жүр

Алматыда Панфилов жаяу жүргіншілер көшесінде, Қабанбай батыр көшесінен бастап Төле би көшесіне дейінгі алаңда, гуманоидты роботтарды кездестіруге болады. Олар қала тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мейрамымен құттықтап, мерекелік көңіл-күй сыйлап жүр. Дәстүрлі тақия мен шапан киген роботтар көшеде еркін серуендеп, балалардың ғана емес, ересектердің де қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қала тұрғындары гуманоидтармен естелік суретке түсіп, билеп, қол алысып амандасып, оларды видеоға түсіріп жатыр.

Сонымен қатар, Панфилов көшесінде ескі пластик заттардан жасалған стационарлық роботтар да қойылған. Олар да өзіне ерекше назар аударып, көрермендердің қызығушылығын тудырды.

Бұдан бөлек, мерекелік алаңда даяшы-роботтар, робот-аспаз және бариста-робот жұмыс істеуде. Олар бауырсақ дайындап, қонақтарға кофе ұсынып, тапсырыстарды жеткізуде. Қала тұрғындары мен туристер олардың қызметін қуана пайдаланып жатыр.

Панфилов көшесінің ортасына жарықдиодты экрандармен жабдықталған кинетикалық туннель орнатылды. Бұл арт-нысан жарқын реңкті ою-өрнектер арқылы өтіп бара жатқан адамдардың қимылдарын қайталайды, бұл нысан фото мен бейнетүсірілімдер үшін ерекше фонға айналды.

Мерекелік алаңда садақ атып, виртуалды форматта мергендік қабілетті сынауға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, VR-гарнитура арқылы өткен ғасырларға саяхат жасауға болады. Жасанды интеллект технологиясын қолдана отырып, ұлттық нақышта өңделген фотосуретке түсіп, оны бірден телефонға жүктеуге болады.

Зияткерлік ойындарды ұнататындар «Ой-Думан» шоуына қатысып, робототехника көрмесін тамашалай алады.

Айта кетерлігі, бұл алаңда виртуалды аватар – Ғалымжан да бар. Ол Наурыз мейрамын атап өтіп жүрген алматылықтардың сұрақтарына жауап беріп, іс-шаралар бағдарламасы туралы ақпарат ұсынып, халықпен әңгімелесіп, құттықтау тілегін жаудыруда. 

Осы Nauryz Almaty Vibe фестивалі арқылы Панфилов көшесі жаңа технологиялар мен дәстүрлердің әдемі үйлескен ерекше орталығына айналды. Бұл фестиваль 21-22 наурызда сағат 10:00-ден бастап 22:00-ге дейін жалғасады. Келіп, роботтармен жүздесуге асығыңыздар. Билет алудың қажеті жоқ, барлығы тегін. 

Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер көшесінде сахна орнатылып, онда лайв-бэндтер мен диджейлер өнер көрсетіп, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше мерекелік атмосфера сыйлауда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Робот-гуманоидта #наурыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Наурыз: мерекелік іс-шаралар төртінші күн қатарынан жалғасуда

Бүгін 21:42

Наурыз мерекесі аясында Алматыда жас таланттар өнер көрсетті

Бүгін 21:35

Тоқаев альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Бүгін 16:18

Оқушылар сарайының Наурыз керуені алматылықтардың жүрегін баурады

Бүгін 14:57

Қазақстандық блогерге мемлекетаралық іздеу жарияланды

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика