конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мүмкіндік алаңы: Алматыда бос жұмыс орындары жәрме...

Мүмкіндік алаңы: Алматыда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Әлеумет 29.05.2026, 16:41 280 yakiya
Мүмкіндік алаңы: Алматыда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Алматының Медеу ауданы әкімдігі адам қарасы қалың Пушкин аллеясында бос жұмыс орындары мен кәсіптік бағдар беру жәрмеңкесін ұйымдастырды., – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мақсат - халықтың жұмыспен қамтылуына дәнекер болу, мегаполистегі жұмыссыздық деңгейін төмендету және азаматтарға жаңа кәсіби мүмкіндіктер ұсыну.

Жәрмеңке сағат 11-де басталады деп көрсетілгенімен, одан ерте келіп алғандар көп болыпты.

“Бізге отыздан астам адам келді жұмыс сұрап. Есепші, архивариус мамандығын және көгалдандыру қызметі мен аула сыпырушы жұмысын сұрағандар көбірек. Жастардың біразының дипломы жоқ екен, сонда да жұмыс табу көзі, кәсіптік білім алу мүмкіндігі туралы жол көрсеттік. Жасы елуден асқан тұрғындар да еңбек нарығындағы мамандықтарға қызығушылық танытуда”, - дейді “Бөбек” Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының менеджері Ғалия Аханова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңке жастарға, оқу бітіруші түлектерге және жұмыс іздеп жүрген азаматтарға бағытталған маңызды алаң болды.

“Жәрмеңкенің артықшылығы - бір жерде бірнеше мекеменің ұсынысымен танысып, тікелей сұхбаттасуға мүмкіндік бар. Бұл жұмыс іздеушілер үшін өте қолайлы формат. Біз жылда өткіземіз осындай жәрмеңкелерді. Нәтиже бар. Әсіресе, жастар көп келеді. Бүгінгі іс-шараға 40-қа жуық жұмыс беруші мекеме-компания, сондай-ақ мегаполистегі жоғары оқу орындары мен колледждің өкілдері қатысты”, - дейді Медеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бауыржан Үшкемпіров.

Сонымен қатар ашық аспан астында ұйымдастырылған жәрмеңкеде мектеп оқушыларына сұранысқа ие мамандықтар мен болашақ оқу бағыттары бойынша кәсіптік бағдар беретін консультациялар ұйымдастырылды.

Нұржамал ӘЛІШ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бос жұмыс орындары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Almaty Summer Fest аясындағы алты концертке 60 мыңнан астам көрермен жиналды

Бүгін 18:07

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы цифрлық ортада жасанды қоғамдық күн тәртібін қалыптастырудың заманауи тетіктеріне зерттеу жүргізді

Бүгін 17:29

Қазақстан сары май мен күнбағыс майының өндірісі мен экспортын ұлғайтты

Бүгін 17:23

Алматыда жаңа оқу жылы басталғанға дейін сегіз жаңа мектеп ашылады

Бүгін 17:18

Алматыда 14-15 шілдеде жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізіледі

Бүгін 16:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);