Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мүгедектік бойынша жәрдемақы тағайындау толығымен...

Мүгедектік бойынша жәрдемақы тағайындау толығымен автоматтандырылды

Әлеумет 15.05.2023, 11:55 1,570
Мүгедектік бойынша жәрдемақы тағайындау толығымен автоматтандырылды
Сурет: Massaget.kz

Бұл оны көрсету мерзімін 1 жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік берді.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызметін проактивті көрсету кезінде адами факторды толығымен алып тастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 


Бұған дейін бұл қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметкерлерінің қатысуымен көрсетілген және оны көрсету мерзімі 8 жұмыс күнін құраған. Осы жылдың ақпан айында аталған жәрдемақыны тағайындау туралы өтінішті қарау автоматтандырылды, бұл 4 жұмыс күні ішінде қызмет көрсетуге мүмкіндік берді.


Келесі кезең адами факторды толығымен алып тастау болды – мамыр айының басынан бастап мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау Еңбек министрлігінің ақпараттық жүйелері арқылы жүргізіледі, бұл қызмет көрсету мерзімін тағы 1 жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік берді.


Жаңа жеңілдетілген тәртіпті 244 көрсетілетін қызметті алушы пайдаланды.


Қызметті проактивті форматта 1414 бір ғана SMS-хабарламасына жауап беру, жәрдемақыны проактивті ресімдеуге келісім беру және банк шотын растау арқылы алуға болады. Қызмет көрсету үшін барлық қажетті мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен келіп түседі.


Естеріңізге сала кетейік, наурыз айында дәл осындай қағида бойынша «Алтын алқа» немесе «Күміс алқамен» марапатталған аналарға жәрдемақы тағайындау автоматтандырылды, бұл қызмет көрсету мерзімін 1 жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Осы жылдың соңына дейін бұл тәсілді тағы 2 басқа мемлекеттік қызмет бойынша іске асыру жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мүгедек #жәрдемақы #автоматтандыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26

Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 16:55

Тегеран АҚШ-тың мәлімдемесіне жауап қатты

Бүгін 15:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика