AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / М.Жарбосынова БҰҰ жанындағы комитет мүшесі болып с...

М.Жарбосынова БҰҰ жанындағы комитет мүшесі болып сайланды

Әлеумет 08.06.2024, 12:46 852 Nursok82
М.Жарбосынова БҰҰ жанындағы комитет мүшесі болып сайланды
ҚР СІМ баспасөз қызметі

7 маусымда БҰҰ жанындағы Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою жөніндегі комитет (CEDAW) мүшелерін сайлау өтті. Оның құрамына алғаш рет Қазақстан өкілі де кірді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Біріккен Ұлттар Ұйымының Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою жөніндегі конвенциясына қатысушы мемлекеттердің 23-ші кеңесі шеңберінде БҰҰ штаб-пәтерінде 2025-2028 жылдар кезеңіне Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою жөніндегі комитет (CEDAW) мүшелерін сайлау өтті. Алғаш рет Қазақстаннан кандидат – белгілі қазақстандық дипломат Мәдина Жарбосынова CEDAW құрамына сайланды.

"Бұл маңызды тарихи оқиға, өйткені бұған дейін БҰҰ-ның осы маңызды органында Орталық Азия елдерінің ешқайсысы ұсынылмаған", делінген ведомство хабарламасында.

 
Орталық Азия елдері арасында Қазақстан – гендерлік теңдік саласындағы прогресс бойынша көшбасшы. Қазақстан 146 ел арасындағы гендерлік теңдікті бағалау үшін әзірленген 2023 жылғы Жаһандық гендерлік алшақтық индексінде 62-ші орынға ие болып, позициясын жақсарды және 18 орынға көтерілді.

Қазақстанмен қатар CEDAW-да 11 орынға 20 мемлекеттің өкілдері үміткер болды – Оман, Швейцария, Ливан, Нидерланд, Гватемала, Андорра, Аустралия, Непал, Грузия, Чили, Барбадос, ҚХР, Зимбабве, Бурунди, Камерун, Мозамбик, Солтүстік Македония, Уругвай, Ұлыбритания және Того.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#БҰҰ #CEDAW #Азия #әйел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлт руханиятының құндылықтары сөз болды

Бүгін 19:46

Алматы қаласының Мәслихатына жаңа депутат сайланды

Бүгін 18:44

«Түркі мемлекеттері ұйымы – геосаяси жоба емес»

Бүгін 18:41

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің цифрландыру және ЖИ саласындағы стратегиялық бағдарын баяндады

Бүгін 18:38

Мемлекет басшысы саммитте талқыланатын жасанды интеллект және цифрлық дамудың өзектілігіне назар аударды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);