Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Министр Тұрғымбаев Алматыдағы атыс кезінде қаза та...

Министр Тұрғымбаев Алматыдағы атыс кезінде қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты

Әлеумет 21.09.2021, 06:23 703
Министр Тұрғымбаев Алматыдағы атыс кезінде қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты
Сурет: Polisia.kz

Біз үшін бүгін өте ауыр күн, орны толмас қайғы.


Қазақстанның Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыдағы атыс кезінде қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты,деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Көңіл айту сөздері бас полицейдің Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жарияланды. 



«Біз үшін бүгін өте ауыр күн, орны толмас қайғы. Айдың-күннің аманында Алматы қаласындағы қайғылы оқиға нәтижесінде 5 азаматымыз оққа ұшты. Оның ішінде ішкі істер органдарының екі қызметкері бар. Полиция майоры Дархан Сүлеев пен полиция капитаны Нұрбол Байғазиев өз жұмыстарын адал атқарып жүрген қатардағы қызметкерлер еді. Қазақтың даңқты батыры Бауыржан Момышұлының “Адам болу – қасиет, азамат болу – міндет, патриот болу – парыз” деген қанатты сөзі бар. Олар адамгершіліктерімен айналасына абыройлы болып, отансүйгіштіктерімен талайға үлгі бола білді. Адам ретінде қалыптасты, азамат болып атқа қонды, патриоттық болмысымен ел тыныштығын қорғады. Дархан Сүлеев ішкі істер саласында 18  жыл қызмет атқарса, Нұрбол Байғазиев 7 жылдан бері сапта қызмет етіп келді. Оларды әріптестері қызметіне адал, достыққа берік, жүрегі үлкен азамат ретінде мәңгі есте сақтайды. Осы марқұмдардың әке-шешесі, отбасы, туған-туыстарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасқым келеді. Марқұмдардың жаны жәннатта, топырағы торқа, иманы жолдас болсын!», – деп жазды министр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция #министр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жаңбыр, көктайғақ пен тұман: 8 наурызда ауа райы қандай болады?

Бүгін 10:20

Тоқаев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Бүгін 08:04

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жас ғалымдарға баспана сыйланды

Кеше 22:23

Әзербайжан президенті Тоқаевқа алғысын білдірді

Кеше 22:15

"Бүгін Иранға ауыр соққы жасалады" - Трамп

Кеше 17:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі