AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Михаил Шайдоров ISU сыйлығына ұсынылды

Михаил Шайдоров ISU сыйлығына ұсынылды

Спорт 10.03.2026, 10:15 237 Сұлу
Михаил Шайдоров ISU сыйлығына ұсынылды
ҰОК

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Италияда өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров ISU Skating Awards халықаралық сыйлығына үміткерлер қатарына енді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Sports.kz басылымының мәліметінше, дауыс беру төрт аталым бойынша жүргізіледі: «Үздік костюм», «Ойын-сауық бағдарламасы», «Үздік хореограф» және «Үздік жаттықтырушы».

Италиядағы Олимпиада жеңімпазы Михаил Шайдоров 2026 жылғы Олимпиададағы еркін бағдарламадағы өнері үшін «Үздік костюм» номинациясына ұсынылған.

Басылымның жазуынша, қазіргі тізім – алдын ала лонг-лист. Жанкүйерлердің дауыс беруі 18 наурызға дейін жалғасады. Соның нәтижесінде әр номинацияда үш финалист анықталады. Ал жеңімпаздардың есімі 29 наурыз күні Прагада өтетін әлем чемпионаты аясындағы банкетте жарияланады.

Бұл аталымда Шайдоровтың қарсыластары қатарында америкалық Илья Малинин, эстониялық Александр Селевко, жапониялық Каори Сакамото және басқа да спортшылар бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шайдоров #сыйлық #спорт #Михаил Шайдоров
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық спортшылар 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 19:55

Түркістандағы құрлық біріншілігінде Қазақстан тағы 8 алтын медаль жеңіп алды

Бүгін 19:51

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын жеңіспен аяқтады

Бүгін 19:47

Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирін табысты аяқтады

Бүгін 19:44

Алан Құрманғалиев халықаралық турнирдің чемпионы атанды

Бүгін 19:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);