Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Миғраж - қандай түн?

Миғраж - қандай түн?

Әлеумет 15.01.2026, 14:15 701
Миғраж - қандай түн?
Сурет: Islam.kz

Миғраж сөздікте «жоғары көтерілу» дегенді білдіреді, шариғаттағы мағынасы «Мұхаммед (с.ғ.с.) Исра түні Бәйтул-мақдистен Ең Жоғарғы аспанға көтерілуі». Яғни Алла Тағала Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) Ережеп айының 26-нан 27-не қараған түні Мекке қаласынан Ақса мешітіне апарып, сол жерден миғражға көтерді. Исра сүресінде: «Пендесін бір түні оған белгілерімізді көрсету үшін Харам мешітінен біз айналасын мүбәрәк қылған Ақса мешітіне (исра жасатып) апарған Алла Тағала әр түрлі кемшіліктен пәк», – делінген. Аятта келген «Исра» сөзі түнде жүру дегенді білдіреді.

Алла елшісінің жұбайы Хадиша анамыз бен көкесі Әбу Талиб қайтыс болып, Тайып сапарынан қатты соққы алған т.б. оқиғалардан кейін Екі дүние сардарына жұбату іспеттес Миғраж оқиғасы орын алған еді. Бұл оқиға мүміндердің иманын қуаттаса, иманы әлсіз немесе күпір сенімдегілердің күпірлігін арттырды. Әбу Бәкір сынды сахабалар осы оқиғадан соң «Сыддық», яғни «Растаушы» атанды. Мысалы емтихан не олимпиада өткенде білімді шәкірт не спортшы өз шеберлігін анық көрсететіні сияқты ақиқат орын алды.

Миғраж түнін қалай өткізу керек?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, биыл Миғраж түні 15 қаңтардан 16 қаңтарға қараған түнге сәйкес келеді. Бұл түні Пайғамбар Мұхаммедке (с.ғ.с.) Алла Тағала тарапынан үлкен нығметтер берілген.

Миғраж түнінің артықшылықтары
Миғраж түні Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) мынадай үш үлкен сый жасалды:

Бес уақыт намаз парыз етілді;
«Бақара» сүресінің соңғы екі аяты – «Әмәнәр-расулу» уахи етілді;
Алла Тағалаға ешбір серік қоспай, үлкен күнә жасамаған үмбетке кешірім берілетіні сүйіншіленді.
Осы себепті Миғраж түні – тәубе жасап, рухани тазаруға, иманды күшейтуге берілген ерекше мүмкіндік.

Миғраж түнінде жасалатын сауапты амалдар
ҚМДБ мәліметінше, бұл түнді құлшылықпен өткізу – мұстахаб (ұсынылған амал). Сондай-ақ Миғраж түнін құлшылықпен өткізгісі келген жандарға төмендегі амалдарды ұсынады:

Намаз оқу (қаза намаздары, нәпіл және тәһәжжуд намаздары);
Құран оқу, әсіресе «Бақара» сүресінің соңғы екі аятын оқу;
Алла Тағаладан өзі, барша мұсылман үмбеті, ата-анасы мен жақындары, бала-шағасы үшін кешірім сұрап, дұға жасау.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Миғраж түні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Кеше 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі