AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматылық спортшы самбодан шеберлер арасында әлем...

Алматылық спортшы самбодан шеберлер арасында әлем чемпионы атанды

Спорт Бүгін 16:02 32
Алматылық спортшы самбодан шеберлер арасында әлем чемпионы атанды

Балуан әлемдік додаларда еліміздің көк байрағын желбіретіп жүр, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026 жылғы 21 қарашада Кипр Республикасының Лимасол қаласында самбодан шеберлер арасында өткен әлем чемпионатында Кете Прайд клубының балуандары жоғары нәтиже көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады.

Клубтың ағайынды балуандары Қанбаев Дәулет қола жүлдегер атанса, Зиналиев Әбу-Дастан әлем чемпионы атанды.

Айта кету керек, Әбу-Дастан Зиналиев жиырма жылдан аса  үзілістен кейін боз кілемге қайта оралып, еліміздің көк байрағын әлемдік додаларда желбіретіп жүр. ​Дзюдо, самбо, қазақ күресі, еркін күрестен республикалық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпаз және жүлдегер болды.

​2022 жылы 4 желтоқсанда Ресейде Мәскеу қаласында дзюдодан шеберлер арасында Ресей ашық кубогі чемпионатының жеңімпазы.

2022 жылы 11 желтоқсанда Алматы қаласында еркін күрестен шеберлер арасында халықаралық турнирдың күміс жүлдегері.

2023 жылы 17 маусымда Алматы қаласында қазақша күрестен мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен Түйе балуан республикалық турнирдың қола жүлдегері.

2023 жылы 23 қыркүйекте Болгарияда Варна қаласында жауынгерлік күрестен ерлер арасында өткен әлем чемпионатының жеңімпазы.

2023 жылы 14 қазанда Грецияда Лутраки қаласында шеберлер арасында өткен греплинг күресінен әлем чемпионатының жеңімпазы.

​2023 жылы 16 қазанда Грецияда Лутраки қаласында шеберлер арасында өткен греплинг ги күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері.

2023 жылы 14 желтоқсанда Ресейде Санкт-Петербург қаласында бразилиялық джиу-джитсу күресінен греплинг ги түрінен ерлер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері.

2023 жылы 15 желтоқсанда Ресейде Санкт-Петербург қаласында бразилиялық джиу-джитсу күресінен греплинг түрінен ерлер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

​2023-2025 жылдары аралығында Астана, Ақтау және Ташкент қалаларында самбодан шеберлер арасында Азия және Мұхит елдері чемпионаттарының екі мәрте күміс, бір рет қола жүлдегері.

2024 жылы 21 қыркүйекте Болгарияда Варна қаласында жауынгерлік күрестен шеберлер арасында өткен әлем чемпионатының жеңімпазы.

2024 жылы 21 қыркүйекте Болгарияда Варна қаласында жауынгерлік күрестен ерлер арасында өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері.

​2024 жылы 12 қазанда Хорватияда өткен дзюдодан шеберлер арасында Европа ашық кубогі чемпионатының жеңімпазы.

2024 жылы 26 қазанда Тәжікстан мемлекетіДушанбе қаласында өткен самбодан шеберлер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

2024 жылы 21 желтоқсанда Ресейде Мәскеу қаласында бразилиялық джиу-джитсу күресінен греплинг ги түрінен ерлер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

2024 жылы 21 желтоқсанда Ресейде Мәскеу қаласында бразилиялық джиу-джитсу күресінен греплинг ги түрінен ерлердің финалистер арасында абсолют салмақта әлем чемпионатының қола жүлдегері.

2025 жылы 21 мамырда Тайваньда Тайбэй  қаласында тарихта алғаш рет Халықаралық Олимпиадалық Комитеттің ұйымдастыруымен шеберлер арасында дзюдодан өткен бүкіләлемдік жазғы ойындарының қола жүлдегері.

2025 жылы 27 маусымда Алматы қаласында комбат джиу джитсу күресінен шеберлер арасында әлем кубогінің жеңімпазы.

2025 жылы 29 маусымда Алматы қаласында AIGA федерациясы өткізген греплинг күресінен шеберлер арасында әлем чемпионатының жеңімпазы.

2025 жылы 26 шілдесінде Талдықорғанқаласында еркін және грек-рим күрестерінен шеберлер арасында АҢЫЗДАР АЙҚАСЫ халықаралық жарыстың жеңімпазы.

2025 жылы 13 қыркүйекте Болгарияда Варна қаласында жауынгерлік күрестен ерлер арасында өткен әлем чемпионатының жеңімпазы.

2025 жылы 25 қазанда Өзбекстан мемлекеті Бухара қаласында өткен самбодан шеберлер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері.

2025 жылы 12 қарашада Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби  қаласында бразилиялық джиу-джитсу күресінен әлем чемпионатының жеңімпазы.

2025 жылы 19 желтоқсанда Ресейде Санкт-Петербург қаласында бразилиялық джиу-джитсу күресінен греплинг ги түрінен ерлер арасында әлем чемпионатының жеңімпазы.

2025 жылы 20 желтоқсанда Ресейде Санкт-Петербург қаласында бразилиялық джиу-джитсу күресінен греплинг ноу ги түрінен ерлер арасында әлем чемпионатының жеңімпазы.

2026 жылы 8 ақпанда Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби  қаласында шеберлер арасында жағажай күресінен өткен бүкіләлемдік ойындарының күміс жүлдегері.

2026 жылы 21 ақпанда Латвия мемлекетінің астанасы Рига қаласында өткен дзюдодан шеберлер арасында Европа ашық кубогі чемпионатының жеңімпазы.

2026 жылы 20 мамырда Ақтау қаласында самбодан шеберлер арасында Азия және Мұхит елдері чемпионатының жеңімпазы.

2026 жылы 5 қыркүйекте Хорватияда өткен дзюдодан шеберлер арасында Европа ашық кубогі чемпионатының күміс жүлдегері.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мүгедектігі бар балаларды үйде оңалту жобасы бес өңірде жүзеге асырылуда

Бүгін 17:05

Достық даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 16:30

Алматыда Бибігүл Төлегенованың шеберлік сабағы өтті

Бүгін 16:05

Келешек мектептері: Қазақстанның білім беру инфрақұрылымын жаңғырту

Бүгін 15:07

Қазақстанда 11 жаңа колледж салу жоспарлануда

Бүгін 14:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);