ffin.kz

«МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН»

«МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН» almaty-akshamy.kz

Алматыда туристік экспедициялық жасақтардың республикалық «Менің Отаным – Қазақстан» слеті  өтті. Слетке жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының Астана, Алматы және Шымкент қалалық слетінің 57 240 жеңімпазы қатысып, өз өңірлерінің озық тәжірибесін ортаға салды. Жалпы, өткізіліп отырған слет балалар мен жастардың бойына Отанға  деген сүйіспеншілікті оятып қана қоймай, патриоттық сана-сезімді қалыптастыруды мақсат тұтқан. Әрине, туристік саланы насихаттауға белсене қатысқан жас ұрпақтың салауатты өмір салтын да  берік ұстанатыны анық.

 

Қазіргі таңда еліміз бойынша туризм саласы жан-жақты дамып келеді. Әрине, оның дамып, гүлденуі бүгінгі мектеп оқушыларына, келешек жас ұрпаққа тікелей байланысты. Сондықтан ендігі жерде осындай экспедициялық жасақтар жиі бас қосып, аталмыш слет тұрақты өткізілетін  болады.

Біздің еліміз де әлем елдері сияқты Туризм күнін белгілеп, атап өтуде. 1979 жылы испаниялық Торремолино қаласында Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас Ассамблеясы «Дүниежүзілік туризм күнін» бекіткен еді. Ал 1970 жылдың 27 қыркүйегінде Дүниежүзілік туристік ұйым Жарғы қабылдап, дәл осы күн туризм күні болып белгіленген болатын. Аталмыш мейрамды атап өту арқылы туризмді дамытып, түрлі мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты нығайту көзделген. Сонымен қатар, туризмнің маңыздылығы мен оның әлеуметтік, мәдени, экономикалық мәнін халықаралық деңгейге жеткізу де осы мереке аясында қамтылып отыр.  Кей мемлекеттер үшін туризм саласы өте маңызды. Ең алдымен, экономикалық фактор және мемлекеттік бюджет кірісінің негізгі көзі болып табылады.

 Сондықтан, дәл қазір «Дүниежүзілік туризм күнін» әлемнің көптеген елі 30 жылдан астам уақыт атап өтіп келеді. Аталмыш мереке жыл сайын Бүкіләлемдік туристік ұйым бекіткен тақырып аясында аталып өтеді. Әрине, дәл осы күні туризмге арналған жиындар, байқаулар мен фестивальдар өтеді.  Алматыда өткен слет барысында қатысушылар «Ат туризмі» және «Туристік маршруттар» номинациясы бойынша өздерінің зерттеу жұмыстарын қорғады. Олар ат туризмінің ерекшелігі, оны табиғатпен байланыстыра дамыту тәсілі, бұған қоса мәдениет пен тарихтың жаңа қырларын ашуға қалай көмектесетінін айтып береді. Сондай-ақ, барлық қатысушылар туристік маршруттар туралы өз білімдерімен бөлісіп, табиғи және мәдени мұраны сақтаудың ел болашағы үшін зор маңызы туралы ойларымен бөлісті. 

– Слетке қатысушылар Алматының табиғатын, туризмнің нағыз орталығы екенін айтып, ризашылықтарын білдірді. Жаңа орта тауып, өздері қатысқан жарыстар мен жорықтары туралы тәжірибелерімен бөлісті, – дейді Оқушылар сарайының басшысы Айгүл Болатбекқызы.

Алматыда бас қосқан ел жастары да домбыра мен гитараның сүйемелдеуімен туристік әндерді орындап, өз өнерлерін көрсетті. Слет жеңімпаздары арнайы диплом мен сыйлықтармен, ал жеңімпаздардың жетекшілері Алғыс хатпен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификат табысталады. Слеттің жабылу салтанаты Оқушылар сарайында өтті.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32