Мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелеріне сай Қазақстанда 951 млрд теңгеге 282 703 шарт жасалды

Мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелеріне сай Қазақстанда 951 млрд теңгеге 282 703 шарт жасалды Сурет: mcfr.kz

Қазақстанда 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа жеңілдетілген ережелер бойынша мемлекеттік сатып алу туралы алғашқы шарттар жасалды.

Оларды қабылдау жобаларды, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды жедел іске қосуға және олардың бағасының көтерілу қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Жеңімпаздар негізінен жергілікті компаниялар болады, бұл аймақтардың бизнесі мен экономикасына қолдау болып саналады. 

Ақмола облысы Зеренді ауылында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің құрылысы бойынша байқау елімізде алғашқылардың бірі болып жаңа ережелер бойынша өткізілді. Биылғы 8 қаңтарда жарияланып, қорытындысы 6 жұмыс күні ішінде шығарылды және 16 қаңтарда құрылыс салушы жұмысқа кірісті.

«Жобаның құны 2 млрд теңгеден асады. Мердігер рейтингтік-балдық жүйені қолдана отырып, жаңа мемлекеттік сатып алулар бойынша таңдалды, бұл конкурс мерзімін айтарлықтай қысқартты. Бұл бізге құрылысты 16 қаңтарда бастап кетуге мүмкіндік берді. Жоба жыл соңына дейін аяқталады және нысан пайдалануға беріледі. Сондай-ақ біз жүйеде қосымша балл алатын жергілікті құрылыс салушыларға назар аударамыз, бұл олардың қатысуын ынталандырады», — деді Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Байқуанышев.

Спорт мектебінің ғимараты өтпе жол арқылы бір-бірімен байланысқан екі блоктан тұрады. Мұнда тренажер залы, хоккей корты және басқа да жаттығу алаңдары жұмыс істейтін болады. Құрылыс материалдарының 90%-ын жергілікті өндірістен алу жоспарлануда. Ауылдық спорт мектебінің жалпы қабылдау мүмкіндігі – ауысымда 78 адам.

Жаңа ережелер бойынша  330 адам тұратын Батыс Қазақстан облысының Жалын ауылында су құбырын салу бойынша конкурс өткізілді. Жеңілдетілген жүйенің арқасында сатып алу процедурасы алты күнде жүргізілді, бұл жергілікті құрылыс салушыға жұмысқа тез кірісуге мүмкіндік берді. Жобаның құны – 785 млн теңгеден астам. Су құбырының құрылысы ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар Түркістан облысы Сарыағаш қаласында жаңа буынды дамыту орталығының құрылысы басталды. Жобаның құны – 2,7 млрд теңгеден астам. Мердігер 8 жұмыс күні ішінде рейтингтік-балдық жүйені қолдана отырып таңдалған жергілікті компаниялардың бірі болды.

Шымкент қаласының Бозарық шағын ауданында көпқабатты тұрғын үйлер салу жобасы бойынша сатып алу рәсімі 7 жұмыс күні ішінде жүргізілді. Жобаның құны – 4,9 млрд теңгеден астам.

Ұлытау облысының Мыңадыр стансасында мектеп салу бойынша сатып алу рәсімі 5 жұмыс күні ішінде жүргізілді, мердігер жергілікті компания болды. Жаңа мектеп салу оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешеді. Қазіргі жұмыс істеп тұрған мектепте орын саны жеткіліксіз, спорт залы да жоқ. 80 орынға есептелген екі қабатты жаңа мектептің кабинеттері сапалы білім беру үдерісін қамтамасыз ету үшін заманауи жабдықтармен қамтылады.

Жаңа ережелерге сәйкес, осы жылдың 10 ақпанындағы жағдай бойынша Қазақстанда 951,38 млрд теңге сомасына 282 703 шарт жасалды. Салыстыру үшін: өткен жылдың тиісті кезеңінде 223,2 млрд теңгеге 165 558 шарт жасалған.

Берілген шағымдардың саны өткен жылмен салыстырғанда 22%-дан астамға: 1700-ден 1320-ға дейін төмендеді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:20

09:16

20:37

17:53

17:42

17:13

17:08

17:05

17:04

16:47

16:26

16:16

15:57

15:39

15:34

15:23

15:04

14:40

14:15

14:14

13:52

13:47

13:11

13:04

12:45