AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Мемлекеттік қызметте жұмыс істеп, Бостон марафонын...

Мемлекеттік қызметте жұмыс істеп, Бостон марафонында жеңіске жеткен танымал жапон жүгірушісі Алматыға келді

Спорт Бүгін 15:12 39
Мемлекеттік қызметте жұмыс істеп, Бостон марафонында жеңіске жеткен танымал жапон жүгірушісі Алматыға келді

2018 жылғы Бостон марафонының жеңімпазы әрі әлемдегі ең танымал «халық жүгірушілерінің» бірі Юки Каваучи Daikin компаниясының қолдауымен Қазақстанға алғаш рет келді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

27 қыркүйекте ол мерейтойлық Almaty Marathon-ға қатысады. Бұл оның Орталық Азиядағы алғашқы жарысы болмақ. Жарыс қарсаңында спортшы Алматыдан не күтетінін және неліктен түрлі елдердегі марафондарға қатысқанды ұнататынын айтты.

2018 жылы Юки Каваучи Бостон марафонында жеңіске жетті. Суық, жаңбыр мен қатты желге қарамастан, ол жарыс фавориттері мен кәсіби спортшыларды басып озып, 2:15:58 нәтиже көрсетті.

Ол кезде Каваучи мемлекеттік қызметші болып жұмыс істеп, толық жұмыс күнін жаттығумен қатар алып жүрді. Дайындық жоспарын өзі құрып, спорттық жабдығы мен жарыстарға бару шығындарын өз қаражаты есебінен төледі. Сол үшін оған Citizen Runner – «халық жүгірушісі» деген ат берілді. Кәсіби мансабын ол 2019 жылы бастады.

Каваучи марафонды 2 сағат 20 минуттан жылдам 100-ден астам рет жүгіріп өтіп, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Оның 42,2 шақырымдағы жеке рекорды – 2:07:27. Юки ірі халықаралық жарыстармен қатар шағын өңірлік сөрелерге де қатысады.

«Бұл – менің Қазақстанға алғашқы сапарым. Алматыны жүгірушінің көзімен көріп, қаланы, оның тұрғындары мен энергиясын сезінуді асыға күтемін. Маған түрлі елдердегі марафондарға қатысқан ұнайды. Біз әртүрлі тілде сөйлеп, әртүрлі мәдениетке жатуымыз мүмкін, бірақ сөреде бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Бізді дайындық, жарыс алдындағы толқу және мақсатқа жетуге деген ұмтылыс біріктіреді», – деді Юки Каваучи.

Almaty Marathon және Қазақстандағы басқа да ірі жүгіру жарыстарының ұйымдастырушысы – «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов спортшының сапары марафон үшін рекордтық жылмен тұспа-тұс келгенін атап өтті.

«Мерейтойлық Almaty Marathon әлі басталмай тұрып бірнеше рекорд орнатты. Қатысушылардың оннан біріне жуығы – шетелдіктер, тағы 14%-ға жуығы Қазақстанның өзге өңірлерінен келеді. Марафон қашықтығын 1 600-ге жуық адам таңдады – бұл жарыс тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Юки Каваучидің келуі Алматының әуесқой жүгірушілермен қатар әлемге танымал спортшыларды да тартатын орталыққа айналып келе жатқанын көрсетеді», – деді Ғалымжан Есенов.

Жапон марафоншысының оқиғасы жаттығуды жұмыспен, отбасымен және басқа да міндеттермен қатар алып жүрген көптеген әуесқой жүгірушіге жақын.

«Юкидің оқиғасынан өзімізді көрдік. Ол да жұмыс істеді, жұмысқа дейін және жұмыстан кейін жаттықты, жарыстарға бару шығындарын өзі төледі. Ол – біздің арамыздағы адам, тек бізден жылдамырақ. Оның оқиғасы берілмеуге және мақсатыңа қарай жүруге жігер береді», – деді Daikin Kazakhstan жүгіру клубының өкілі Бауыржан Жұмабек.

Daikin Kazakhstan Running Club клубы Daikin компаниясының қолдауымен құрылған. Компания бірнеше жылдан бері Almaty Marathon пейсмейкерлері жобасына да қолдау көрсетіп келеді. 2026 жылы 38 пейсмейкер 42,2, 21,1 және 10 шақырым қашықтықтарға қатысушыларға белгіленген қарқынды сақтап, жоспарлаған уақытта мәреге жетуге көмектеседі.

«Daikin мен Юки Каваучиді жапон мәдениеті үшін ерекше маңызды құндылықтар біріктіреді. Олар – тәртіп, табандылық және үнемі дамуға ұмтылу. Біздің қолдауымыздың арқасында жергілікті жүгіру қауымдастығы Жапонияның ең танымал марафоншыларының бірімен таныса алатынына қуаныштымыз», – деді Daikin компаниясының Қазақстандағы дистрибьюторының директоры Омар Оспанов.

15-ші Almaty Marathon-ға барлығы 16 000 адам қатысады. Бағдарламада 42,2, 21,1 және 10 шақырым қашықтықтары, 10 шақырымдық скандинавиялық жүріс және командалық Экиден эстафетасы бар.

Ұйымдастырушылар 2018 жылдан бері алғаш рет жарыс бағытын толық жаңартты. Марафоншылар 42,2 шақырымды бір айналымда жүгіріп өтеді, ал бағыт Алматының тарихи орталығы арқылы өтеді. Марафон 07:30-да Абай алаңынан басталып, Республика алаңында мәресіне жетеді.

15 жыл ішінде Almaty Marathon спорттық жарыс қана емес, бұқаралық жүгіруді дамыту алаңына айналды. «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры жылына онға жуық жүгіру іс-шарасын өткізіп, тегін жаттығулар мен дәрістер ұйымдастырады, сондай-ақ марафон қашықтығына дайындық бағдарламасын дамытады.

Сөрелік жарналардың бір бөлігі жыл сайын қайырымдылыққа бағытталады. 2012 жылдан бері қор жалпы сомасы 500 млн теңгеден асатын 30-дан астам жобаны жүзеге асырды. Соңғы жылдары нәрестелер мүгедектігінің алдын алуға бағытталған жобаларды қолдау негізгі бағыттардың біріне айналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#марафон
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болу себептерін тергеп-тексеру жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды

Бүгін 15:31

Алматы полициясы айып тұрағынан көлігін алып қашқан жүргізушіні ұстады

Бүгін 15:10

Алматы мен Чунцинді жаңа тікелей әуе рейсі байланыстырды

Бүгін 15:05

«Әбіл» фильмі Қазақстанның атынан «Оскар-2027» сыйлығына ұсынылды

Бүгін 14:27

Каспийдегі оқу-жаттығуда 19 әскери қызметші су ағызып әкетті

Бүгін 14:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);