AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекеттік қуыршақ театры көктемгі Наурыз мерекес...

Мемлекеттік қуыршақ театры көктемгі Наурыз мерекесіне жарқын сый дайындады

Әлеумет 15.03.2025, 14:02 827 Елена СОКОЛОВА
Мемлекеттік қуыршақ театры көктемгі Наурыз мерекесіне жарқын сый дайындады
Фото: Елена СОКОЛОВА

Бүгін Қайырымдылық күніне орай "Наурыз құпиясы" қойылымының премьерасы өтті.

Жас көрермендердің арасында көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар бүлдіршіндер болды. Бір сағаттай уақыт ішінде кішкентай қонақтарға Наурыздың ежелгі тарихы, мерекеге байланысты салт-дәстүрлер мен ұлттық тағамдар – Наурыз көже туралы айтылды.

Сахнада Қыдыр ата, Күн мен Түн сияқты кейіпкерлер, сондай-ақ шығыс күнтізбесі бойынша тышқаннан қабанға дейінгі мифологиялық жануарлар өмірге келді. Сюжетте әр жануар жылдың меценаты атағына лайық екенін дәлелдеуге тырысты және өзіне тән ерекше қабілеттерін көрсетті. Күн мен Түн төреші рөлін атқарып, қатысушыларды ақылдылығымен, тапқырлығымен және ептілігімен бағалады. Бірақ ең маңызды шешімді, әрине, Қыдыр ата қабылдады.

Қуыршақ театрының дәстүрі бойынша спектакльге интерактивті элементтер енгізілді. Осының арқасында көрермендер белгілі бір кезеңде қойылымға қатысушыларға айналады.

— Бұл спектакль – қуыршақ театрының 90 жылдығына арналған алғашқы премьерамыз. Онда қуыршақ өнері мен қазақ халқының бай фольклоры үйлесімді тоғысады, — деді Мемлекеттік қуыршақ театрының директоры Алмат Амангелді. — Бірегей кейіпкерлер, түрлі-түсті костюмдер мен динамикалық сюжет "Наурыз құпиясын" балалар үшін де, ересектер үшін де қызықты етеді. Сонымен қатар, бұл – театрымыздың талантты актері Шохан Құлназаровтың дебюттік режиссерлік жұмысы. Біз оның шығармашылық ізденістерін қолдауға шешім қабылдадық, өйткені әр рөлінде ол өнерге деген адалдығын көрсетеді.

Спектакльді театрдың барлық қойылымдары сияқты екі тілде – орыс және қазақ тілдерінде тамашалауға болады.

Әзірлеген: Аяжан СЕРІКҚЫЗЫ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#наурыз #көктем #қайырымдылық #театр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елімізде некелесу саны азайған

Бүгін 15:10

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді

Бүгін 14:30

Алматыда көлік жуатын орындарды бақылауға алып жатыр

Бүгін 14:14

Air Astana-ға 24 жыл!

Бүгін 14:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістан қаласына барды

Бүгін 12:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);