AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекет қой жүнін жинайтын ұйымдарды қаржыландырм...

Мемлекет қой жүнін жинайтын ұйымдарды қаржыландырмақ

Әлеумет 13.04.2022, 16:10 1,952
Мемлекет қой жүнін жинайтын ұйымдарды қаржыландырмақ
Сурет: Almaty-akshamy.kz

«Бәйтерек» холдингі тұрғындардан қой жүнін жинау ісін қаржыландырады.


Ал жүн мен тері дайындаумен айналысатын кәсіпорындарға қой қырқуға арналған электр құралдарды сатып алғаны үшін субсидия төленбек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына жолдаған жауабында осылай деді.



«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жеңіл өнеркәсіпті дамытудың жүйелі шараларын пысықтады. Олар Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсібін дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасына енгізілген. Осы жол картасы аталған холдинг арқылы ауыл шаруашылығы жануарларының жүні мен терісін жинау жөніндегі дайындаушы ұйымдарды қаржыландыруды көздейді. Бұл шаралар Қой шаруашылықтарынан және тұрғындардан жүн сатып алудың орталықтандырылған жүйесін ұйымдастыруға бағытталған», - деп жазылған Үкімет басшысының жауабында.



Ал жүн мен тері дайындаумен айналысатын кәсіпорындарға қой қырқуға арналған электр құралдарды сатып алғаны үшін субсидия төленбек.



«Бұл ретте инвестициялық субсидиялау шеңберінде жүн мен тері дайындау жөніндегі ұйымдарға мемлекеттік қолдау ретінде жүн қырқу пунктерін, жылжымалы қырқу пунктерін, қой қырқуға арналған электромеханикалық құралдарды субсидиялау көзделгенін атап өткен жөн», - деді Әлихан Смайылов.



Бұған дейін Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына жолдаған жауабында тері мен жүнді тереңдетіп өңдеу мәселесін Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағына беру неге мүмкін емес екенін түсіндірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жүн #Қой #Субсидия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық оқушылар халықаралық олимпиадаларда 2,7 мыңнан астам марапатқа ие болды

Бүгін 11:07

Ауыр эпилепсияға шалдыққан балалар үшін жаңа мүмкіндік: Алматыда жоғары технологиялы ота жасалды

Бүгін 11:03

«Көшпенді мұрасын күллі әлемге танытқым келеді» - шебер  

Бүгін 10:36

Зерделі ұлт қалыптастырудағы маңызды қадам – Ғалия Тоқабаева

Бүгін 10:27

«Музей түні» акциясы аясында Алматы музейлеріне 28 мыңнан астам адам келді

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);