AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекет қаржысын көлік жөндеуді желеу етіп жымқыр...

Мемлекет қаржысын көлік жөндеуді желеу етіп жымқырған

Әлеумет 19.07.2024, 11:11 1,103 Nursok82
Мемлекет қаржысын көлік жөндеуді желеу етіп жымқырған
Сурет: ашық дереккөз

Астана қаласы әкімдігіне қарасты «Астана Тазалық» ЖШС жалған көлік жөндеу жұмыстары үшін деп миллиондап ақша аударған. Ал шын мәнінде ол жұмыстар орындалмаған, тіпті кей жұмысты компания өз қызметкерлерінің мойнына артып қойған, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Бұл туралы «Әділдік жолы» РҚБ Астана қаласы филиалының басшысы Дархан Құлжамбеков әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Қоғамдық ұйымға биыл ақпанда орындалмаған қызмет үшін «Астана Тазалық» ЖШС қаражат аударғаны жөнінде дерек жеткен. Негізі қаражатты көлікті жөндеу қызметі үшін төлеу керек болған.

Содан кейін Дархан Құлжамбеков елорданың Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне хабарласқан. Сол хабарламаға сай департамент компанияның 2020 жылдың басынан 2023 жылдың соңына дейінгі аралықтағы қызметіне аудит жүргізеді.

Тексеру барысында 2022 және 2023 жылдары көліктерді жөндеуге жалған қаражат аударылғаны анықталды. Бұл ЖШС сол аралықта КамАЗ маркалы автокөліктерді жөндеуге 468 559 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасқан.

Тексеру барысында 2022 жылы іс жүзінде 234 958 мың теңге игерілгені анықталған. Алайда қосалқы бөлшектерді ауыстыру бойынша жұмыстар іс жүзінде орындалмаған. Мұны жүргізушілердің түсіндірмелері мен құжаттары растайды, - дейді Дархан Құлжамбеков.

Сонымен қатар 2022 жылы жұмыстар нақты орындалмастан 2,8 млн теңге тағы төленген.

Ал 2023 жылы кейбір көлік «Ақмола КАМАЗ автоорталығы» ЖШС-да жөндеуден өтпеген, ол жұмыстарды серіктестік өз күшімен істеген. Сол жылы жөндеу жұмыстары нақты орындалмастан, 7,6 млн теңге көлемінде қаражат аударылған.

Қоғамдық ұйым енді департамент нұсқамасын ЖШС-ның орындауын қадағалауға алғалы жатыр. Ал анықталған құқықбұзушылықтар үшін ЖШС бас инженері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Айта кетейік, «Астана Тазалық» ЖШС-ның жалғыз құрылтайшысы – Астана қаласы отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы. Компанияның жарғылық капиталындағы басқарма үлесі – 100%.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тазалық #Жемқорлық #көлік #сыбайлас
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Бүгін 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Бүгін 17:38

1 маусымда Алматыда балаларға арналған қандай іс-шаралар өтеді?

Бүгін 17:36

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Чэнь Вэньцинмен кездесті

Бүгін 17:33

Алматыдан Еуропаға: Варшаваға тікелей әуе рейсі ашылады

Бүгін 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);