AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекет басшысы Нұржан Нұржігітовті қабылдады

Мемлекет басшысы Нұржан Нұржігітовті қабылдады

Әлеумет 12.04.2022, 12:35 1,201
Мемлекет басшысы Нұржан Нұржігітовті қабылдады
almaty-akshamy.kz

Жамбыл облысына тартылған инвестиция көлемі 63,1 миллиард теңгеге жеткен




Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы үш айдағы өңірдің даму көрсеткіштері  мен Президент тапсырмаларының орындалу барысы және алдағы жоспары туралы баяндалды деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Облыс әкімінің айтуынша, өңірге тартылған инвестиция көлемі 63,1 миллиард теңгеге жеткен. Сонымен қатар, биыл өңірде құны 100,5 миллиард теңге болатын 15 инвестициялық жоба іске асырылып, 1000-нан астам жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. 2025 жылға дейін 75 инвестициялық жоба жүзеге асырылады.




Нұржан Нұржігітов Мемлекет басшысына 2022 жылы Жамбыл облысында 810 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, 25 елді мекенге ауызсу, 17 ауылға газ тартылатыны жөнінде мәлімет берді. Сонымен қатар өңірдегі егіс алқабы 9,2 мың гектарға ұлғайтылып, ауыл шаруашылығы техникасы 11 пайызға жаңартылатынын айтты. Өңір басшысының айтуынша, Президент тапсырмасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру жұмыстары жүйелі түрде атқарылып жатыр. Сондай-ақ Гвардейск ауылындағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының базасында отандық иммундық препараттар шығаратын зауыттың жұмысы, «BSL-3» өндірістік цехының құрылысы жөнінде де есеп берілді.



Мемлекет басшысы бағаны бақылауда ұстау, халықтың табысын арттыру, инвестиция тарту және мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру жұмыстарын жандандыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Тоқаев #Нұржігітов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Зауыттар мен вокзалдар және білім беру инфрақұрылымы: өткен аптада өңірлерде қандай нысандар ашылды

Бүгін 08:15

Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтің кезекшілігі күшейтіледі

Кеше 18:11

Алматының әкімі қаланың көше-жол желісін кеңейту жобаларымен танысты

Кеше 18:08

Бүгін Алматының бір метро станциясы жабылады

Кеше 16:30

«Гулливердің» Ұлттық ұланға саяхаты: Шымкентте 47 өлшемді аяқ киім киетін сарбаз қызмет етеді.

Кеше 16:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);