Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Алматыда БҰҰ-ның аймақтық орталығ...

Мемлекет басшысы Алматыда БҰҰ-ның аймақтық орталығын ашуды ұсынды

Саясат 21.09.2022, 02:45 1,827
Мемлекет басшысы Алматыда БҰҰ-ның аймақтық орталығын ашуды ұсынды
Сурет: Ашық дереккөзі

Алматы қаласында БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаты жөніндегі аймақтық орталығын ашу маңызды деп есептейміз. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 77-сессиясының жалпы дебатында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Орталық Азия туралы айтар болсақ, біз оның қазірдің өзінде халықаралық ынтымақтастық үшін мол мүмкіндіктері бар аймақ екенін есте ұстауымыз керек. Орталық Азиядағы әріптестерімізбен бірге аймақты одан әрі дамыту мақсатында өзара саяси іс-әрекетті нығайтуға және экономикалық байланыстарды тереңдетуге ниеттіміз. Біз тату көршілік қарым-қатынастарды сақтауға және ынтымақтастықты әртараптандыруға бейілдіміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Мемлекет басшысы бұл тұрғыда маңызды табиғи және ауыл шаруашылығы ресурстар, адами капитал және транзиттік әлеует ескерілгенін айтты.



«Біз – Шығыс пен Батыстың, Оңтүстік пен Солтүстіктің арасындағы аралық нарықпыз. Біз климаттың өзгеруі, Арал теңізі, су ресурстарын ұтымды пайдалану, шекараны делимитациялау, экстремизмге қарсы күрес және аймақішілік сауданы кеңейту мәселелерін қамтитын өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді шешу үшін барлық мүдделі тараптармен бірлескен жұмыстарды жалғастыруға ниеттіміз. Сондықтан Алматы қаласында БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаты жөніндегі аймақтық орталығын ашу маңызды деп есептейміз», - деді Президент.



Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ауғанстанның болашағын көрші елдермен бейбіт қарым-қатынаста болатын шынайы тәуелсіз, бейтарап, біртұтас, дамыған мемлекет ретінде көргісі келетенін атап өтті.
«Сондықтан аса маңызды гуманитарлық көмек көрсете отырып, осы елде мемлекеттілік қалыптасуының күрделі процесін қолдаймыз», - деді Мемлекет басшысы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #БҰҰ #орталық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика