AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Мексикада Димаш Құдайбергенге арналған мурал ашылд...

Мексикада Димаш Құдайбергенге арналған мурал ашылды

Мәдениет Бүгін 14:30 40
Мексикада Димаш Құдайбергенге арналған мурал ашылды
Dimashnews.com

Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған мурал салынды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қабырғаға бейнеленген бұл көркем туынды жергілікті жанкүйерлердің тарапынан әншінің шығармашылығына деген ерекше ықыластың арқасында жасалды.

Муралдың авторы — Antonio Art Mural шығармашылық есімімен танылған суретші Антонио.

Димаштың ауқымды бейнесі Монтеррей қаласының орталығындағы Francisco Javier Mina 1140, Centro мекенжайында орналасқан. Енді қала тұрғындары мен қонақтары мексикалық Dears қауымдастығының қазақстандық әншіге деген ықыласын бейнелейтін көркем туындыны тамашалай алады.

Жанкүйерлер қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, муралдың олар үшін мәні айрықша. Сүйікті өнерпаздың портреті оның шығармашылығына деген шынайы ризашылықты әрі Мексика мен Қазақстан арасындағы мәдени байланысты білдіреді.

Муралдың салынуы Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясында 14 қарашада Монтеррейде өтетін концерті қарсаңында айрықша мәнге ие болып отыр.

Жанкүйерлер өздерінің шығармашылық сыйы екі ел арасындағы достықтың тағы бір нышанына айналып, Мексика тұрғындарын шығармашылығы дүние жүзіндегі тыңдармандарды біріктіретін қазақстандық әншімен жақынырақ таныстырады деп үміттенеді.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Димаш #Мексика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Өнер академиясында діни экстремизмнің алдын алу мәселелері талқыланды

Бүгін 15:34

Алматыда жас спортшыларға экстремизмнің қаупі түсіндірілді

Бүгін 15:33

Алматыда студенттерге радикалды ағымдардың ықпалынан сақтану жолдары түсіндірілді

Бүгін 15:31

Алматылық оқушыларға әлеуметтік желідегі радикалды насихаттың қаупі түсіндірілді

Бүгін 15:22

Алматыда Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының алғашқы цифрлық шешімдер құзыреттілігі орталығы ашылды

Бүгін 15:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);