AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының...

Алматыда Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының алғашқы цифрлық шешімдер құзыреттілігі орталығы ашылды

Медицина Бүгін 15:20 37
Алматыда Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының алғашқы цифрлық шешімдер құзыреттілігі орталығы ашылды
Алматы әкімдігі

Орталық мамандары жүкті әйелдердің, сондай-ақ стационардан шығарылған нәрестелер мен балалардың медициналық бақылауға алынуын қадағалайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бүгін Алматыда денсаулық сақтау жүйесіндегі Қазақстанның алғашқы Цифрлық шешімдер құзыреттілігі орталығы ашылды. Орталық қалалық клиникалық аурухананың Телемедицина орталығы базасында құрылып, қаладағы медициналық ұйымдарды цифрландыру жұмысын үйлестіреді. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты.

Орталықты құру қажеттілігі медициналық ұйымдардың өзара үйлесімді жұмыс істей бермейтін әртүрлі цифрлық платформаларды пайдалануына байланысты туындады. Сонымен қатар кейбір ұйымдар бірдей қызмет атқаратын жүйелерді бөлек сатып алуы мүмкін. Бұл шығындардың қайталануына әкеледі.

Жаңа орталық цифрлық шешімдердің бірыңғай тізімін жүргізіп, сатып алу рәсімдері басталғанға дейін ұсынымдар беріп, әдістемелік қолдау көрсетеді. Бұл қаражатты ұтымды жұмсауға, жинақталған тәжірибені ескеруге және өзара үйлесімді технологияны енгізуге мүмкіндік береді.

Жоспарланған цифрлық шешімді тіркеуге бір жұмыс күні, ал оны қарауға бес жұмыс күніне дейін уақыт беріледі. Орталық жаңа заңды тұлға құрмай және қосымша қаржы бөлмей, жұмыс істеп тұрған Телемедицина орталығының базасында ашылды.

Еске салайық, Телемедицина орталығы COVID-19 пандемиясы кезінде жұмысын бастап, содан бері Алматы тұрғындары мен медициналық ұйымдар арасындағы маңызды байланыс буынына айналды.

Қала тұрғындары тәулік бойы жұмыс істейтін 1312 нөміріне хабарласып, анықтамалық ақпарат ала алады, медициналық көмекке қатысты мәселелер бойынша өтініш білдіріп, шағым немесе алғыс қалдыра алады.

Алты жыл ішінде орталық 3,8 миллионға жуық қоңырауды қабылдап, 348 мың өтінішті тіркеді. COVID-19 жұқтырған 175 мың науқас пен 37 мың жүкті әйел медициналық бақылауда болды.

Қазір орталық мамандары жүкті әйелдердің, сондай-ақ стационардан шығарылған нәрестелер мен балалардың медициналық бақылауға алынуын қадағалайды.

Орталық жұмысы қазірдің өзінде нәтиже беріп отыр: мемлекеттік емханаларға қатысты шағымдар саны 76%-ға азайды. Сонымен қатар стационардан шығарылған балаларды уақытылы тексеру және жаңа туған нәрестелерді патронаждық бақылау көрсеткіштері жақсарды.

Қала тұрғындары үшін бұл медициналық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылдың үйлесімді болуын, ақпараттың жедел алмасуын, сондай-ақ заманауи цифрлық технологияның арқасында медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасының артуын білдіреді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Өнер академиясында діни экстремизмнің алдын алу мәселелері талқыланды

Бүгін 15:34

Алматыда жас спортшыларға экстремизмнің қаупі түсіндірілді

Бүгін 15:33

Алматыда студенттерге радикалды ағымдардың ықпалынан сақтану жолдары түсіндірілді

Бүгін 15:31

Алматылық оқушыларға әлеуметтік желідегі радикалды насихаттың қаупі түсіндірілді

Бүгін 15:22

Алматыда экстремизмнің алдын алуға арналған 17 іс-шара өтті

Бүгін 15:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);