Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мәулен Әшімбаев: Ел игілігіне қызмет ету – бәріміз...

Мәулен Әшімбаев: Ел игілігіне қызмет ету – бәріміз үшін маңызды міндет

Әлеумет 08.02.2022, 15:52 1,069
Мәулен Әшімбаев: Ел игілігіне қызмет ету – бәріміз үшін маңызды міндет
baq.kz


Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты facebook-тегі парақшасында өз пікірін жазды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz




- Мемлекет басшысы қасіретті қаңтар оқиғасынан кейін Үкіметке және барлық мемлекеттік органға еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалын арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде нақты міндеттер жүктеген еді. Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға назар аударып, алдағы басымдықтарды белгілеп берді, – деп жазды ол.



Президентіміз мемлекет тарапынан қолға алынған әр бастама, ең алдымен, халықтың әл-ауқатын арттыруға қызмет етуі керектігін баса айтты. Осыған орай Үкіметке еңбек етуге қолайлы жұмыс орындарын ашу, азаматтардың табысындағы алшақтықты азайту және олардың бизнеспен айналысуына тең мүмкіндік беру жөнінде нақты тапсырмалар берілгенін айтты.



Сонымен қатар Мемлекет басшысы инфляцияны ауыздықтау, экономиканы өркендету, бюджетаралық қатынастың жаңа жүйесін қалыптастыру және мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз ету міндеттеріне тоқталды. Отырыста тұрғын үймен қамту, жердің бір қолға шоғырлануына жол бермеу, субсидия беру саласын реттеу сияқты маңызды бағыттар бойынша да сөз қозғалды. Отандық автоөнеркәсіпті дамыту, еліміздегі құрылыс нарығын монополиясыздандыру, шетелге заңсыз шығарылған қаржыны қайтару, кеден бекеттеріндегі қордаланған түйткілдерді шешу және тағы басқа салалар да назардан тыс қалған жоқ, – деді Сенат төрағасы.



Сондай-ақ ол бүгінгі іс-шарада Президентіміз жаңару үшін әділ, ашық әрі түсінікті мемлекеттік саясат жүргізілуі керектігін айрықша атап өткенін тілге тиек етті.



- Жыл басындағы қайғылы оқиғалардан кейін бұл мәселелердің өзектілігі арта түскені сөзсіз. Сондықтан Мемлекет басшысы оларды шешіп қана қоймай, елімізді саяси, әлеуметтік-экономикалық жаңарту бағдарын күн тәртібіне шығарды. Бүгінгі іс-шарада Президентіміз жаңару үшін әділ, ашық әрі түсінікті мемлекеттік саясат жүргізілуі керектігін айрықша атап өтті. Бұл «Жаңа Қазақстанның» басты құндылығы екені анық. Шын мәнінде, ел игілігіне қызмет ету – бәріміз үшін маңызды міндет. Сол себепті Парламент Сенаты Мемлекет басшысының бастамалары мен реформаларының табысты іске асырылуын заңнамалық тұрғыдан сапалы әрі уақтылы қамтамасыз ету үшін Үкіметпен бірлесіп, тиісті жұмыстарды атқара береді, – деп жазды Мәулен Әшімбаев.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #парламент #Әшімбаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Трамп Ақ үйде пасторлармен бірге дұға жасады

Бүгін 11:01

Қазақстандағы АХАТ қызметіне 105 жыл: өмірлік оқиғаларды тіркеу қалай цифрландырылды

Бүгін 10:54

Алматы музейінде Халықаралық әйелдер күніне арналған «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» көрмесі ашылды

Бүгін 10:45

TAMYR – Еуропа сахнасында

Бүгін 10:42

“Продюсермен жұмысты тоқтаттым”: әнші Баянсұлу клиптерінің неге жоғалғанын түсіндірді

Бүгін 10:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі