конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Әлеумет Бүгін 10:15 53 yakiya
МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Жоба мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін жетілдіруге, сондай-ақ азаматтардың сақтандыру мәртебесі мен төленген аударымдар туралы ақпаратқа қолжетімділігін арттыруға бағытталған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

ҚР ДСМ "Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысуы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне аударылған жарналар мен аударымдар туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін бұйрық жобасын әзірледі.

Аталған мемлекеттік қызмет арқылы азаматтар МӘМС жүйесіндегі өз мәртебесі, сақтандырылған кезеңдері, сондай-ақ өзі үшін төленген жарналар мен аударымдар туралы нақты ақпаратты жедел ала алады.

Қызметті eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы онлайн форматта алуға болады. Бұл азаматтарға мемлекеттік органдарға жүгінбей-ақ, өзіне қолайлы уақытта сақтандыру мәртебесі мен төленген төлемдер туралы мәліметті тексеруге мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінде 17,5 миллион қазақстандық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылады.

МӘМС жүйесі сақтандырылған азаматтарға төленген жарналар көлеміне немесе әлеуметтік мәртебесіне қарамастан медициналық көмектің кең ауқымына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Оның ішінде:

  • профилактикалық тексерулер;

  • консультациялық-диагностикалық көмек;

  • амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайдағы мамандандырылған медициналық көмек;

  • жоғары технологиялық медициналық қызметтер;

  • медициналық оңалту;

  • қолданыстағы заңнамаға сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қызметтері бар.

Бұйрық жобасы 2026 жылғы 27 шілдеге дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#МӘМС
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Телефон арқылы алынатын электрондық құжаттардың міндетті деректемелері жаңартылды

Бүгін 11:07

Алматыда 294 мыңға жуық оқушы жазғы демалыспен қамтылды

Бүгін 10:44

Бас киімдер ұсынылған бірегей көрме

Бүгін 10:34

Бүгін қазақ тілін білу деңгейін анықтауға арналған ақылы тестілеу басталады

Бүгін 10:34

Жыл басынан бері 8 мыңнан астам алматылыққа арнайы әлеуметтік қызмет көрсетілді

Бүгін 10:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);