2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланды, бұл ел экономикасы үшін жұмысшы кадрларын даярлаудың маңыздылығын көрсетеді. Жұмысшы мамандықтары сұранысқа ие болып қана қоймай, сонымен қатар жастар үшін кең мүмкіндіктер ашатын беделді жұмыс болып табылады. Осы жылдың аясында Астанадағы EXPO алаңында мектеп оқушылары, студенттер, жұмыс берушілер, білім беру саласының өкілдері мен мемлекеттік органдардың басын қосатын «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестивалі өтуде.
Фестиваль аясында тау-кен және металлургия, машина жасау және көлік, аграрлық сектор және су ресурстары, құрылыс, болашақтың кәсіптері, сондай-ақ құтқару, өрт сөндіру және туристік аймақтар сияқты түрлі салалардың тақырыптық көшелері көрсетіледі.
Фестиваль қонақтарына түрлі іс-шаралар ұсынылады: семинарлар, мұнай және энергетика саласы бойынша хакатондар, кәсіптер шеруі, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, стартап презентациялары, машина жасау бойынша шеберлік сабақтары, концерттер, халықаралық аккредиттелген колледждерден тренингтер, Қазақстан бойынша виртуалды турлар.
«Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестивалі бұл жастарға жұмысшы мамандықтарының алуан түрлілігімен танысуға, практикалық тәжірибе жинақтауға және әлеуетті жұмыс берушілермен және білім беру ұйымдарымен байланыс орнатуға бірегей мүмкіндік болып табылады. Іс-шараға кіру тегін және әрбір адам кәсіби дамудың жаңа мүмкіндіктерін аша алады.
Фестивальде Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің студент-гидтері қонақтарды ертіп жүруде және экскурсиялық бағдарламаларды ұйымдастыруда басты рөл атқарады. Олар қатысушыларға іс-шарада бағдарлануға, туризм индустриясы туралы білімдерімен бөлісуге және жайлы атмосфераны құруға көмектеседі. Олардың арасында: Абылгазина Айым, «Туризм» мамандығының 1 курс студенті және Болатхан Султан, «Туризм» мамандығының 4 курс студенті. Айым: «Фестиваль шынайы кәсіби ортаны көруге, байланыс орнатуға және үздік мамандардан тәжірибе алуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті. Сұлтан: «Біз қонақтармен жай ғана еріп жүріп қана қоймай, туризм индустриясында гид жұмысының қаншалықты маңызды және қызықты екенін көрсетеміз» дейді. Біз жоғары дайындық деңгейін көрсеткен студенттерімізді мақтан тұтамыз және Қазақстандағы жұмысшы мамандықтарын дамытуға ықпал ететін жаңа іс-шараларды күтеміз!
Фестивальдің жаңашылдықтарының бірі біздің колледж ұйымдастырған туристік ВИАР-зона болды, онда қатысушылар Қазақстан бойынша виртуалды саяхаттар әлеміне еніп, туризмдегі озық технологиялармен таныса алды.
Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі директорының орынбасары ретінде мен мұндай бастамаларға қатысу студенттеріміздің маңызды дағдыларды меңгеріп қана қоймай, ел экономикасының дамуына зор үлес қосуға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Біз заманауи еңбек нарығының қиындықтарына дайын мамандарды дайындап жатырмыз және Жұмысшы мамандықтарының жылы осы жолда маңызды қадам болатынына сенімдіміз.