конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мамандар жолдарда қауіпсіздікті арттыру шараларын...

Мамандар жолдарда қауіпсіздікті арттыру шараларын жүргізіп жатыр

Әлеумет 28.03.2022, 10:34 1,348
Мамандар жолдарда қауіпсіздікті арттыру шараларын жүргізіп жатыр
Сурет: Inbusiness.kz

Мұндай жұмыстар 14 бағыттағы жолдарда жүргізіліп отырады.


Жолды жөндеумен шұғылданатын қазақстандық мамандар жыл сайын жасайтын жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Елімізде республикалық маңызы бар жолдарды салу және жаңартумен қатар, пайда болған шұңқырларды жөндеу және тегістеу сияқты жұмыстар жүйелі түрде жасалады», - делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында. 



«Қазақавтожол» кәсіпорны жолдарды бұзылудан сақтауға және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді бағдарлама аясында 2021 жылы 658 мың шаршы метрге жуық шұңқыр жолды жөндеп, 189 мың шаршы метрге жуық жолды тегістеген. Сонымен қатар, 11 мыңнан астам жол белгісі, 480 ақпараттық панно, 35 жарық диодты жол белгісі және 757 метр көпір қоршауы қойылды.


Сонымен қатар, 189 көлік павильоны мен демалыс алаңы жөнделіп, 4,9 мың шаршы метр дыбыс шығаратын жолақтар орнатылды. Жолдағы шақырымды көрсетіп тұратын 3547 белгі, 28 мыңнан астам дабыл бағаны және 55 мыңнан аса катафот қойылған.



«Бұл шаралардың барлығы жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, апаттың азаюына және жүргізушілердің зейінін арттыруға оң әсер етеді. Айталық, дыбыс шығаратын жолақтар келе жатқан қатардан шығып кеткенде немесе қауіпті учаскеге жақындағанда, жүргізушілердің назарын арттырады. Жарық диодты катафоттар мен жол белгілері түнгі уақытта бағдар көрсетіп отырады», – дейді жол мамандары. 



Мамандардың айтуынша, кешенді бағдарлама аясындағы мұндай жұмыстар жыл сайын республикалық маңызы бар жолдардың 14 бағытында жүргізіледі. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол #жөндеу #ремонт #дорог #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жаңа конституция белсенді жастарға қосымша мүмкіндік берді

Бүгін 11:42

Елдегі электромобильдердің 60% астамы Алматы қаласында шоғырланған

Бүгін 11:35

Жаңа конституцияда адам капиталына мән берген

Бүгін 11:21

Бауыржан Маханбет: Жаңа Конституция – жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыратын негіз

Бүгін 11:04

«Киберқылмыстың алдын алу және цифрлық қауіпсіздік» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті

Бүгін 10:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);