Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мамандар ЕТЖ-ға қатысты пікір білдірді

Мамандар ЕТЖ-ға қатысты пікір білдірді

Әлеумет 06.02.2024, 03:24 838
Мамандар ЕТЖ-ға қатысты пікір білдірді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматының бұрынғы ЕТЖ-сы қаланың үйлесімді дамуын қамтамасыз ете алмады – сарапшылар
 
Алматы әкімдігі 2040 жылға дейінгі Бас жоспар аясында қаланың одан әрі дамуын реттейтін егжей-тегжейлі жоспарлаудың жаңа жобасын қабылдады. Сәулетшілер мен урбанистика саласындағы мамандар ЕТЖ-ға қатысты пікірін білдірді. 


Мәселен, сәулетші, Алматы қалалық құрылыс кеңесінің төрағасы Любовь Нысанбаева бес полиорталықтың ЕТЖ бас жоспарды іске асырудың негізгі құрамдас бөлігі деп санайды. 



«Алдыңғы бас жоспар 2002 жылы жасалды. Сол кездегі егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы қаланың екі еседен астам үлкейген бүкіл аумағын үйлесімді пайдалануды қамтамасыз ете алмады, өйткені олар базалық көрсеткішсіз жасалды. Қалаға қосылған жаңа аумақтар бейімдеу және дамыту бойынша кешенді жұмысты талап етеді. Өзекті топографиялық түсірілім жүргізумен, бекітілген эскиздік жобаларды, нақтыланған функционалдық аймақтарға бөлу, халықтың тығыздығы бойынша, күш салуды қажет ететін орындар мен қаланың көлік-жаяу жүргіншілер жүйесін ретке келтіру жөніндегі жобалық ұсыныстарды талдаумен әзірленген ЕТЖ бас жоспарды іске асырудың бірінші кезектегі бағдарламасы болып табылады», - деді ол. 



Сәулетші полиорталықтарды егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының жиынтық жоспары Алматының дамуына қатысты жүйелі түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін және оның барлық қатысушысы үшін ашықтық енгізетін маңызды әрі сенімді құрал екенін атап өтті.


Өз кезегінде урбанист Святослав Мурунов полиорталықтардың егжей-тегжейлі орналасуының жаңа жобасы орамдық құрылыс түріне бағытталғанын атап өтті.



«Яғни, өзінің қоршауы мен тұрағы бар тұрғын үй кешендерінен арылып жатырмыз. Біз тұрғын үй, қоғамдық, коммерциялық нысандар орамдық торға салынған қалалық ортаға ден қойдық. Бұл халықтың өз ауданында бірден бірнеше жерге бара алуына мүмкіндік береді. Орамдық тор мейлінше өзгермелі. Яғни, үлкен күре жолға шығатын бір ғана жолы бар тұрғын үй кешенінен айырмашылығы, таңдауға болатындай қалалық кеңістік түзіледі», - деді Святослав Мурунов. 



Мурунов орамдық құрылыс балабақша, мектеп, емхана сияқты көптеген нысанды салуға мүмкіндік беретінін және ауданда жұмыс орындарын құратын кеңсе мен өндірістік үй-жайларды қосуға мүмкіндік беретінін атап өтті.


Сәулетші Бақтыбай Тайталиев ЕТЖ-да көрсетілген тарихи орталықта құрылыс салу жөніндегі шектеулерді күшейтуге баса назар аударды. 



«Ең бастысы, қаланың тарихи бөлігінде қалыптасқан сәулет кешенін, яғни тарихи ғимараттардың құрылымы мен стилін, көлемді жоспарлау шешімдерін, пропорциялары мен биіктігін бұзатын жаңа құрылысқа тыйым салынады», - деді сәулетші.



Ол егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу кезінде заманауи қала құрылысы үрдістері, жаңа құрылыс салу, ғимараттарды қайта жаңарту қажеттілігі мен Алматының қалыптасқан сәулеттік келбетін сақтау арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізілгенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #құрылыс #Сәулет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика