AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мәжіліс арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізу бойынш...

Мәжіліс арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізу бойынша заңнамаға түзетулерді қабылдады

Әлеумет 15.11.2023, 06:09 1,266
Мәжіліс арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізу бойынша заңнамаға түзетулерді қабылдады
Сурет: Gov.kz

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары палатаның жалпы отырысында зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт бойы жұмыс істейтін азаматтарға 55 жастан бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейін арнайы әлеуметтік төлем енгізуді көздейтін заңнамаға түзетулерді қарап, оны екінші оқылымда қабылдады.


Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмасын орындау үшін, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік әріптестерді, оның ішінде Қазақстан кәсіподақтар федерациясын тарта отырып, заңнамалық түзетулер топтамасын әзірледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Түзетулер Азаматтық, Еңбек, Әлеуметтік кодекстерге және «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» заңға енгізіледі.


Заңнамалық түзетулердің негізгі мақсаттары мен міндеттері: зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерге арнайы әлеуметтік төлем енгізу; жұмыскердің еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін жетілдіру; өтпелі кезеңдегі регресшілерге сақтандыру төлемдерін алу құқығын беру болып табылады.


Арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың міндетті шарттары мынадай: 55 жасқа толу және соңғы 7 жылда БЖЗҚ-ға кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы.


Арнайы әлеуметтік төлем бірнеше компоненттен тұрады және төрт қаражат көзінен төленеді: республикалық бюджеттен 2 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде арнайы кәсіптік жәрдемақы; өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялардан 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде; жұмыс берушілердің қаражаты есебінен 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, БЖЗҚ-дан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен. Бұдан басқа, жұмыскерлерге БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналары есебінен төлемдер алу құқығы беріледі.


Төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді. Арнайы төлемдерді алу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспауға тиіс. Яғни, жұмыскерлер жеңіл жұмысқа ауыса алады (жалақы мен төлем алады) немесе демалысқа шығып, зейнетке шыққанға дейін төлем ала алады.


Сондай-ақ, заңнамалық түзетулер бойынша жұмыскерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру көзделеді, атап айтқанда:


- өмірді сақтандыру компанияларының алдын алу шараларына жұмсаған шығыстарын төленген сақтандыру сыйлықақысының 6 %-на дейін өтеуі;


- өмірді сақтандыру компанияларының оңалту шараларына жұмсаған шығыстарын төленген сақтандыру сыйлықақысының 6%-на дейін өтеуі;


- өмірді сақтандыру компанияларының зардап шеккен жұмыскерді санаторий-курорттық емделуін 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде төлеуі;


- жазатайым оқиға нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу (сақтандыру төлемі) мөлшерін айқындау кезінде жұмыскердің кінәсін болдырмау.


Арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізу мемлекеттің, жұмыс берушінің және жұмыскердің ортақ жауапкершілігін қамтамасыз етеді және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мәжіліс #Әлеуметтік төлемдер #өзгерістер #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);