AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Мәдениет министрлігі Ұлттық Сурдлимпиада комитетін...

Мәдениет министрлігі Ұлттық Сурдлимпиада комитетін сотқа бермек

Оқиға 06.05.2022, 02:45 1,347
Мәдениет министрлігі Ұлттық Сурдлимпиада комитетін сотқа бермек
Cурет: Спорт комитеті

Қазақстанның беделіне әлемдік спорт қоғамдастығының алдында нұқсан келтірді


Мәдениет және спорт министрлігі ұлттық құраманың Сурдлимпиададағы ойынына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Еске сала кетейік, кеше Бразилияда өтіп жатқан Сурдлимпиада ойындарында спортшы Еркебұлан Қанафин жеңіп алған алтын медальге қатысты дау туындаған болатын.



«Дзюдошы Еркебұлан Қанафин Сурдлимпиададан бірінші алтын медальді жеңіп алды. Ал біздің Спорт комитеті бұл жайында хабар таратқан да жоқ. Сорақысы бұл емес. Құрама бапкерінің айтуынша, халықаралық төрешілер жеңісті мойындағанына қарамастан, спорт комитеті өз құрамасының медаліне наразылық танытқан», - делінген Қазақстан Спортшылар одағы БАҚ өкілдеріне таратқан мәлімдемеде.



Осыған байланысты Мәдениет және спорт министрлігі жазғы Сурдлимпиадаға ұлттық құрама командадан 59 спортшы қатысып жатқанын айтты.



«Алайда Сурдлимпиада комитеті Қазақстан заңнамасына қарамастан, өз тарапынан бірқатар спортшыларды, оның ішінде Еркебұлан Қанафинді жарысқа апарған. Қанафин бұрын-соңды есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы ресми жарыстарға қатыспаған. Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасының мүшесі емес және дене мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған спорт ұйымдарында тіркелмеген. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде аудиограмма нәтижелері және жалпы спортшының денсаулық жағдайы туралы ақпарат жоқ. Осыған қарамастан, Ұлттық Сурдлимпиада комитеті Е.Қанафинді өз есебінен жарысқа жіберіп, Қазақстанның беделіне әлемдік спорт қоғамдастығының алдында нұқсан келтірді және спорттық этикалық қағидаларды бұзды»,- деп мәлім етті ведомство.



Бұл ретте Мәдениет және спорт министрлігі ұлттық құрама команданың тізімін жасау кезінде 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сурдо дзюдодан Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша ел чемпионы Айдос Түгелбаевты енгізген болатын.


Министрлік ұлттық Сурдлимпиада комитетінің үстінен арнайы сот органдарына шағым түсіретінін ресми түрде мәлімдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сурдлимпиада #Бразилия #спорт #сот
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Зауыттар мен вокзалдар және білім беру инфрақұрылымы: өткен аптада өңірлерде қандай нысандар ашылды

Бүгін 08:15

Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтің кезекшілігі күшейтіледі

Кеше 18:11

Алматының әкімі қаланың көше-жол желісін кеңейту жобаларымен танысты

Кеше 18:08

Бүгін Алматының бір метро станциясы жабылады

Кеше 16:30

«Гулливердің» Ұлттық ұланға саяхаты: Шымкентте 47 өлшемді аяқ киім киетін сарбаз қызмет етеді.

Кеше 16:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);