Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Күршім өзенін ластағандар жауапқа тартылды

Күршім өзенін ластағандар жауапқа тартылды

Әлеумет 20.10.2021, 03:56 1,173
Күршім өзенін ластағандар жауапқа тартылды

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті уәкілетті органмен және ғылыми ұйымдармен бірлесіп, биылғы жылғы 28-30 қыркүйек аралығында Күршім ауданындағы Күршім және Қыстау-Күршім өзендерінің ластану фактісі бойынша «Визол» геологиялық барлау компаниясы» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс экологиялық тексеру жүргізді деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Тексеру барысында кәсіпорынды жауапкершілікке тартуға негіз болатындай Қазақстан Республикасының қолданыстағы Экологиялық кодексінің нормаларына сәйкес келмейтін бірқатар олқылықтар анықталды.


Осылайша, технологиялық су жинақтағыштардың тоғанынан судың жер бедеріне асып кетуі және Қыстау-Күршім өзеніне құятын тұндырғыштан су ағызу фактілері анықталды. Нәтижесінде «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодекстің (ары қарай – ӘҚБтК) 328-бабының 1-бөлігі бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды.


Айыппұл мөлшері өз еркімен су ағызудың көлемі нақтыланғаннан кейін айқындалатын болады.


Бұдан басқа, тау-кен жұмыстарының жоспарына сәйкес кен орнын игергеннен кейін табиғи объектілерді техникалық және биологиялық рекультивация көмегімен негізгі күйіне келтіру керек. Яғни, табиғи ландшафтты, ағаш өсімдіктерін және жануарлар әлемінің тіршілік ортасын қалпына келтіру қажет.


«Визол» ГБК» ЖШС уақытылы зерттеулер жүргізбегені, биологиялық негіздеме әзірлемегені және шаруашылық қызмет нәтижесінде балық ресурстарына келетін зиян орын алмағаны белгілі болды. Сонымен қатар, тау-кен жұмыстары тұрғысынан қалдықтарды басқару жүйесі сақталмаған.


Осы бұзушылықтар үшін кәсіпорынға қатысты ӘҚБтК-нің 332-бабының 2-бөлігі және 344-бабының 3-бөлігі бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар жасалды. Бұл баптар бойынша салынған айыппұл көлемі 200 мың теңгеден асады.


Сонымен қатар, анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында жоғарыда аталған тау-кен компаниясына қоршаған ортаға теріс әсердің алдын алу және азайту жөніндегі тиімді іс-шараларды іске асыру, табиғи орта компоненттеріне зерттеулер жүргізу, биологиялық негіздеме әзірлеу және балық қорларына келтірілген зиян үшін өтемақы жүргізу қажеттігі туралы нұсқама берілді.


Орындалған жұмыстардың нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.


Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы қыркүйек айының ортасында Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Күршім және Қыстау өзендері арналарының қауіпті химиялық заттармен ластануы мүмкін екендігі туралы ақпарат әлеуметтік желілерде үлкен қоғамдық резонанс тудырып, Ел Президенті шұғыл шаралар қабылдау туралы тиісті тапсырма берген болатын.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Күршім #өзен #шара
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пшихаврдың қанды таңы: Мұраттың жүрегінде қалған жара

Бүгін 20:44

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Бүгін 18:21

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елшісімен кездесті

Бүгін 17:54

Алматыда №11 Қалалық емхананың 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шықты

Бүгін 17:44

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика