AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Күлшімбаев күшті екен...

Күлшімбаев күшті екен...

Әлеумет 25.09.2024, 12:29 1,450
Күлшімбаев күшті екен...
Сурет: Gov.kz

Төтенше жағдайлар вице-министрі болған Ибрагим Күлшімбаев бостандыққа шықты

Апелляциялық сот Төтенше жағдайлар министрлігінің бұрынғы орынбасары Ибрагим Күлшімбаевқа қатысты үкімді өзгертті. Оған билікті асыра пайдаланды деген айып тағылған болатын. Күлшімбаев Қарағандыда ұлына үй салу үшін әскерилерді мәжбүрлегені үшін айыпталған еді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бүгін Астанадағы әскери сот Күлшімбаевтың ісін қайта қарастырып, оның әрекетін «билікті асыра пайдалану» баптан «қызмет бабын асыра пайдалану» бабына ауыстырды. Осыған байланысты Күлшімбаевқа қатысты үкім өзгертіліп, бас бостандығынан айырудың орнына бостандығын шектеу жазасы берілді. Сот алқасы бұрынғы генерал-майорды сот залынан босату туралы шешім шығарды.

«Сот алқасы шешім қабылдады: 2024 жылғы 6 тамыздағы Ақмола гарнизонының әскери сотының Ибрагим Күлшімбаевқа қатысты үкімін өзгерту. Күлшімбаевтың әрекетін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 450-бабының 1-бөлігіне сәйкес қайта саралап, оған үш жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын. Сондай-ақ, пробациялық бақылау орнатылып, тұрақты жұмысы немесе оқуы болмаған жағдайда мәжбүрлі түрде жыл сайын 100 сағат еңбекке тартылсын», — деп үкімді жариялады сот төрағасы Рамазан Хасенов.

Алайда апелляциялық сот бірінші инстанцияның Күлшімбаевтың кінәсі толық дәлелденгені туралы шешімімен келісті.

Еске сала кетейік, экс-вице-министр бес жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сот материалдарына сәйкес, Төтенше жағдайлар министрлігінің жоғары лауазымды қызметкері тек әскерилерді ұлының үйін салуға мәжбүрлеп қана қоймай, автоматты қақпалар мен бейнебақылау камераларын сатып алуды да талап еткен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#күлшімбаев #қызметін асыра пайдалану #сот
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала күні: «Әнім сенсің, Алматы!» атты мерекелік концерті өтті

Бүгін 20:06

ҮШІНШІ АЛТЫН! ЖОЛАМАН БИГАБЫЛ КАРАТЭДЕН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Бүгін 17:46

ALMA-FEST CIRCUS – Алматы күніне арналған үш күндік цирк мерекесі

Бүгін 17:42

АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО ҚАЗАҚСТАНҒА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕКІНШІ АЛТЫНЫН ӘКЕЛДІ

Бүгін 15:30

РИНАТА СҰЛТАНОВА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРЫС КҮНІ ҚАЗАҚСТАНҒА АЛҒАШҚЫ АЛТЫН МЕДАЛЬДІ ӘКЕЛДІ

Бүгін 15:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);