Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Көшпенділер ойынында қазақ күресінен Марат Нығмату...

Көшпенділер ойынында қазақ күресінен Марат Нығматуллаев чемпион болды

Спорт 02.10.2022, 10:00 1,292
Көшпенділер ойынында қазақ күресінен Марат Нығматуллаев чемпион болды
Сурет: Inform.kz

Түркияның Изник қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойынында қазақ күресінен Марат Нығматуллаев чемпион атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Дүбірлі додада 60 келі салмақта сынға түскен қазақстандық балуан финалда моңғол балуанын жеңіп кетті.










Ол небәрі екі минутта қарсыласынан «таза жеңіс» әдісімен басым түсті.


Айта кетсек, қазақ күресінен алты салмақта жүлделер сарапқа салынады. Енді ерлерден Мақсат Исағабылов (80 келіден жоғары), Еламан Қойшыбаев (80 келі) бозкілемге шығады.


Ал әйелдерде Рауза Нұрмахаметова (55 келі), Зарина Сарипова (65 келі) және Мөлдір Азамат (65 келіден жоғары) ел намысын қорғайды.


Қазақ күресі бәсекесіне әлемнің 20-ға жуық елінен 60-тан астам балуан келген. Оның ішінде 19-ы әйелдер арасында бақ сынайды.


Сондай-ақ, бүгін қазақстандық спортшылар көкпар мен көкбөріден сайысқа түседі.


Көшпенділер ойындарына әлемнің 102 елінен 3 мыңнан астам спортшы келді. Қазақстанның атынан 50 спортшы көкпар, көкбөрү, қазақ күресі, дәстүрлі садақ ату, жамбы атудан сынға түсуде.


Еске салсақ, бұдан бұрын аталған додада Қанат Қасымхан дәстүрлі садақ атудан күміс алды.









Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #көшпенді #турнир
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38

Ахметбек Қоңырбаев Президент Алғыс хатымен марапатталды

Бүгін 11:37

Тегін оқып, офицерлік шен алып, 100% жұмысқа орналасады: Алматыда ІІМ академиясына қалай түсуге болатынын айтты

Бүгін 11:12

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55

ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Бүгін 10:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика