AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы SMS арқы...

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы SMS арқылы рәсімделеді

Әлеумет 06.03.2022, 13:30 2,409 Almaty-akshamy
Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы SMS арқылы рәсімделеді
Cурет: Inform.kz

Толық ақпаратты 1414 нөмірі бойынша білуге болады


16 мыңға жуық қазақстандық көпбалалы отбасылар үшін тағайындалатын жәрдемақыны проактивті форматта алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Өткен жылдың мамыр айынан бастап әйелдерге төртінші немесе одан да кейінгі баланы туған кезде тағайындалатын көп балалы отбасылар жәрдемақысын алу үшін ХҚКО-ға жүгіну міндетті емес, мемлекеттің өзі барлығын қашықтан SMS арқылы рәсімдеуді ұсынады.
Бұдан бұрын аталған жәрдемақыны ресімдеу үшін ХҚКО-ға барып, өтініш жазып, жеке куәлік, балалардың туу туралы куәліктері мен неке қию куәлігі сияқты құжаттарды ұсыну қажет еді, ал жәрдемақы өтініш берілген күннен бастап тағайындалатын.
«Отбасында төртінші немесе одан кейін тағы бала туылған жағдайда, проактивті түрде баланың туу туралы куәлігін, бала туу мен оның бір жасқа дейінгі күтіміне байланысты берілетін жәрдемақыларды ғана емес, көпбалалы отбасылар үшін жәрдемақыны ресімдеуді ұсынатын SMS-хабарлама да жіберіледі. Мұнда клиенттің SMS-ке келісімі ғана керек. Қажетті мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады. ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов.
Көпбалалы отбасылар үшін жәрдемақы 2020 жылдың басынан бастап төленеді. Төлемді төрт және одан да көп бала туған әйелдер ала алады.
Қазіргі уақытта бұл жәрдемақыны 487 мыңнан астам қазақстандық отбасы алады. Оның ішінде 63 437 әйел «Алтын алқа», 138 571 әйел «Күміс алқа» иегерлері.
2022 жылы көп балалы отбасыларға тағайындалатын жәрдемақы мөлшері:
4 балаға 49 100 теңге;
5 балаға 61 383 теңге;
6 балаға 73 666 теңге;
7 балаға 85 948 теңге;
8 балаға 98230 теңге;
Келесі әр балаға +4 АЕК.
Айта кетейік, Қазақстанда 4 және одан да көп кәмелетке толмаған баласы немесе 23 жасқа толғанға дейін күндізгі бөлімде оқитын бірге тұратын балалары барлар көпбалалы отбасы болып саналады.
6 бала туған және тәрбиелеген көпбалалы аналарға «Күміс алқа», ал 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелегендерге «Алтын алқа» беріледі.
1414 нөмірінен қызметтерді проактивті түрде рәсімдеуді ұсынатын sms-хабарламаларды алу үшін телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс.
Егер әйел қандай да бір себептермен SMS арқылы қызмет ала алмаса, ол бұрынғыдай ХҚКО-ға жүгіне алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көпбалалы #отбасы #жәрдемақы #тағайындау #рәсімдеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Кеше 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Кеше 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Кеше 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Кеше 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);