ffin.kz

Көп балалы аналарға арнайы тұрғын үй бағдарламасы керек пе?

Көп балалы аналарға арнайы тұрғын үй бағдарламасы керек пе? Сурет: Tolqyn.kz

12 мамыр – Аналар күні. Қазақ қашанда анасын ардақтап, аруларын сыйлай білген халық. Бұл – ежелден қанымызға сіңген асыл қасиет.

«Жұмақ – ананың табанының астында» демекші, Құдайдан кейінгі құдірет иесі, ол – Ана. Адам – адам болғысы келсе, ең алдымен анасын қастерлеуі тиіс. Осы ретте Аналар күні мерекесі қарсаңында біз «Көп балалы аналар үшін арнайы тұрғын үй бағдарламасы керек пе?» деген сауалнама жүргізген едік. 


Қуаныш АЙТАХАНОВ, қоғам қайраткері:    

Әрбір ана батыр атағын алған кезде 
пәтер тегін берілгені жөн

– Әрине, керек. Бірақ арнайы жоба жасамай-ақ, тұрғын үй бағдарламасының ішінен көпбалалы аналарға түрлі жеңілдіктер қарастыруға болады. Қазіргі таңда біздегі ең үлкен мәселе, халқымыздың саны аз, демографиялық өсім мәз болмай тұр. Кең жеріміз бар, оның асты-үстінің бәрі байлыққа толы. Тіпті әлемде жер аумағы жөнінен тоғызыншы орын алып отырмыз. Бірақ халық саны аз. Ал жан-жағымыздағы алып көрші елдер, тіпті Өзбекстанның өзінде жер аз болғанымен, халқының саны басым. Көрші елдердің бізге көзін алартып отырғанын жасыра алмаймыз. Олар әртүрлі жолдармен біздің елге келіп, тұрақтап қалуға тырысып жатыр. Сондықтан біз қалайда 2050 жылға дейін өз халқымыздың санын 30 миллионға жеткізуіміз керек. Ол үшін мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалынғаны жөн. Біріншіден, халықтың денсаулығын жақсарту, ана мен баланы қорғау, осы арқылы халықтың өмір сүру жасын ұзарту, туу көрсеткішін жоғарылату үшін әсіресе жас отбасыларға, көп балалы аналарға жағдай жасау, шетелдегі қандастарымызды елге алып келу деген секілді түрлі жолдарды қарастыруымыз қажет. Осының ішінде көпбалалы аналарды баспанамен қамту ең бірінші кезекте тұруы тиіс. Төрт баладан көп туғандарды батыр ана деп есептеп, оларға барынша жағдай жасауымыз керек. Бізде әрбір ана төрт баладан көп тапсам екен деп армандап, соған ұмтылатындай дәрежеге жеткізуіміз керек. Ол үшін ипокекалық кредит болсын немесе жалға берілетін тұрғын үйлер болсын, оның пайыздары үшінші баладан кейін қысқартылып, тіпті ана батыр атағын алған кезде пәтер тегін берілгені жөн. 

Кәрібай ТАСШАБАЕВ, заңгер: 

Қайтсек те көбеюіміз керек
– Міндетті түрде керек. 2050 жылы дамыған 30 елдің қатарына қосыламыз десек, ең бірінші көпбалалы аналарға жағдай жасауымыз тиіс. Әйтпесе, ана бұрышта, мына бұрышта пәтер жалдап жүрген қыз-келіншектер ешқашан көпбалалы болғысы келмейді. Себебі, әлеуметтік жағдай дұрысталмай, халықтың санын өсіреміз деу бекершілік. Мен өзім баспана мәселесімен біраз жылдардан бері айналысып келемін. Бүгінде жалдамалы пәтер иелерінің өзі көпбалалы аналарды үйіне кіргізгісі келмейді. Балалары үйімді бүлдіреді, шулайды деп жолатпайды. Тіпті кейбір шенеуніктер үй сұрап келген көп балалы анаға «үй-жайың жоқ болса, неге бала көп туасың» деп ұрысқанын да естідік. Бұдан кейін қыз-келіншектеріміз қалай көпбалалы ана болғысы келеді? Меніңше, мұндай шенеуніктер мемлекеттік басқаруға лайықты емес деп есептеймін. Сондықтан көп бала туып өсірген әйелдер үшін арнайы тұрғын үй бағдарламасы өте қажет деп есептеймін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30