AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Көліктердің мемлекеттік нөмірін ұрлаушы алматылық...

Көліктердің мемлекеттік нөмірін ұрлаушы алматылық ұсталды

Заң мен тəртіп 05.05.2023, 08:10 1,599
Көліктердің мемлекеттік нөмірін ұрлаушы алматылық ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Ұры олар үшін өтемақы талап етіп келген.


Алматыда жас жігіт көліктерден мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін шешіп алып, кейін оны иесіне ақы төлеген жағдайда ғана қайтарып жүрген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Күдікті күрделі емес “табыс табу” тізбегін ойлап тапқан. Түнде ол тұрақта тұрған көліктердің мемлекеттік нөмірлерін шешіп алып, көліктің айнасына ұрланған нөмірді қайтарып алу үшін өтемақы төлеу шарты жазылған жазуды қалдырып кеткен. Содан кейін іскер жігіт нөмірлік белгі жасырылған мекенжайды хабарлаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. 21 жастағы А. есімді азамат, осыған ұқсас тағы 5 ұрлық жасағанын мойындады. Аталған эпизодтар бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – дейді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.



ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлік #Мемлекеттік нөмір #өтемақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқудың маңызы зор

Кеше 17:28

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Кеше 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Кеше 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Кеше 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Кеше 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика