Көлік салығы жойылмайтын болды

Көлік салығы жойылмайтын болды Сурет: ашық дереккөз

Елімізде көлік салығы жойылмайтын болды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Kazinform-ге сілтеме жасап.





«Ендігі уақытта көлік салығына қатысты мәселе талқыланбайды. Ол қала береді», – деді министр Мәжіліс отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.




Бұған дейін Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин көлік салығын жою мүмкіндігіне қатысты пікір білдірген болатын.




«Бұл мәселе жаңа Салық кодексі аясында талқыланып жатыр. Ол сән-салтанат салығымен бірге кешенді түрде қарастырылады. Шынымен де көлік салығын бензинге арналған акцизге ауыстыру нұсқасы талқылануда. Бірақ, оны тыңғылықты қарастырған жөн. Өйткені, біз саралаймыз. Көлік салығы қозғалтқыш көлемі 4 немесе 3,5 литрге дейінгі автомобильдер үшін жою көзделетін шығар. Қазір қосымша есептеулер жүргізіп жатырмыз», - деген еді Азамат Әмрин Үкімет отырысынан кейін ұйымдастырылған брифингте.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:31

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36