конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Көгілдір отын бағасы арзандады

Көгілдір отын бағасы арзандады

Әлеумет 01.02.2022, 03:47 1,137
Көгілдір отын бағасы арзандады
Inform.kz

Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті (ТМРК) еліміздің барлық газдандырылған өңірлері бойынша «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ-ның тұтынушылары үшін тауарлық газдың бағасына сараптама жүргізуге бастамашылық жасады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Мәселен, 2021 жылғы қыркүйек айының соңында «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ тарифтік ведомствосының сұрауы бойынша бағаға сараптама жүргізу үшін қажетті құжаттар ұсынған болатын.


Баға сараптамасы аясында ТМРК ұсынылған материалдарға мұқият талдау жүргізді, сондай-ақ «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ қосымша ұсынған материалдарды зерттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар мнистрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



Осылайша, баға сараптамасын қарау қорытындысы бойынша, Табиғи монополияларды реттеу комитеті «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ-ның елдің барлық газдандырылған өңірлеріне жабдықтау үстемесін 15%-дан (Шығыс Қазақстан облысы) 50,63%-ға (Атырау облысы) дейін төмендетті.



Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда табиғи газбен жабдықтау саласындағы бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу Энергетика министрлігі мен ҚР ҰЭМ ТМРК арасында бөлінген.


Табиғи газдың түпкілікті бағасына 70-80% Энергетика министрлігі бекітетін көтерме бағаға тәуелді, ал табиғи газ бағасының қалған бөлігі газды тасымалдау қызметінен және өткізу шығындардан (жабдықтау үстемесі) тұрады.



Жабдықтау үстемесінің деңгейін төмендету бөлігінде атқарылған жұмыстың нәтижесінде ТМРК көптеген өңірлерде тұтынушылар үшін тауарлық газдың түпкілікті шекті бағаларын 0,34%-дан 38,96%-ға дейін төмендетуге қол жеткізді.



Мысалы, ең төмен баға Атырау облысында тіркелді. Мұнда төмендеу 38,96%-ды құрады, ал жоғары баға жақында ғана тұтынушылар тауарлық газға қосылған Қарағанды облысында болды. Мұндай газдың арзандау көрсеткіші 0,34%.


Төмендетілген бағалар 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап әрекет етеді.


Айта кету керек, табиғи газ бағасының төмендеуі жекелеген коммуналдық қызметтерге мультипликативті әсер етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #көгілдіротын #арзандады
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында цифрлық активтер индустриясын ынталандыру және дамыту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

Бүгін 18:53

Алматыда ECO CLUB MEDEU жастар экологиялық қауымдастығының тұсаукесері өтіп, бизнес өкілдері қалдықтарды қайта өңдеуге белсенді қатысуға шақырылды

Бүгін 18:50

Алматыда «Жастар қатысатын бюджет» жобасы іске қосылады: үздік бастамаларға мемлекеттік қолдау көрсетіледі

Бүгін 18:34

Алматы Еуропа аудиториясына Viajar журналында таныстырылды

Бүгін 18:31

Алматыда ашық аспан астындағы йога мен стретчинг: қалалық тегін жоба жалғасуда

Бүгін 18:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);