Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Кептеліспен жолға 2-3 сағат кетеді»

«Кептеліспен жолға 2-3 сағат кетеді»

Әлеумет 06.02.2023, 03:34 1,172
«Кептеліспен жолға 2-3 сағат кетеді»
Сурет: Ашық дереккөз

Алматыдағы саудагерлер метрополитенді қала шекарасынан ұзартуды сұрайды


AMANAT белсенділері партияның сайлауалды бағдарламасы үшін мегаполис тұрғындарынан ұсыныс-тілектерді жинау жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Сонымен, журналист, партия мүшесі Мақсат Толықбай мен Алматы "аманаттықтары" қаланың төменгі бөлігінде орналасқан «Түрксіб жәрмеңкесі» базарына барып, шағын бизнес өкілдерінің ұсыныстарын тыңдады. Белгілі болғандай, бұл жерде нарықтағы өнімдердің құны айтарлықтай төмен.




«Бізде бағалар қолжетімді. Біз тауардың үстіне ең көбі 100 теңге қосамыз. Бұл қымбатшылыққа саналмайды, біздің де нан табуымыз қажет қой. Барлығымыз "Алтын Ордадан" азық-түлік сатып аламыз, міне, сол жерде бағаны көтеру бойынша тексеріс жүргізу керек еді. Бензиннің бағасы жоғары және кептеліс, мұның бәрі бағаның өсуіне әкеледі. Сонымен қатар, қазір пәтерлердің құны біз үшін қымбат, егер бастапқы жарнаға қандай да бір жеңілдіктер болғанда, көбісі үйлі болар еді», - дейді «Түрксіб жәрмеңкесі» базарының саудагерлері.



Қала тұрғындары мегаполистің инфрақұрылымын дамытудың, атап айтқанда, метро желісін қала шекарасынан тыс, облыстың жақын орналасқан қалаларына дейін ұзартудың, ауаны жақсартудың және жолдарды жөндеудің проблемалық мәселелерін көтерді.



«Көптеген сатушылар облыста тұрады, күн сайын кептеліспен жолға 2-3 сағат кетеді. Егер метро бізге, облысқа дейін ұзартылса, қалаға қатынау әлдеқайда жылдам әрі оңай болар еді», - дейді Алматының ең ірі саналатын «Көк базар» сатушылары.



Алматылықтар үшін жатақхана мәселесі де әрқашан өзекті. Осылайша, партиялықтар қаладағы жатақханалардың біріне барып, студенттердің мәселелерін біліп қайтты.




«Жатақханамыз 1937 жылы салынған. Ғимараттың тозығы жеткен, күрделі жөндеу қажет. Сонымен қатар, студенттерге арналған орындар өте аз, оқу жылы басталмай тұрып осы мәселені шешуді сұраймыз. Кеңсе тауарлары да қазір қымбат, біздің бір стипендиямызға осындай үлкен қалада тұру қиын, тағы ақылы түрде оқып жатқандарды да ескерген жөн. Егер студенттік билетті немесе «Оңай» карточкасын ұсынған кезде кеңсе тауарларына жеңілдік болса, жақсы болар еді»,-деп ұсынды студенттер.



Бүгінгі кездесудің қорытындысы бойынша барлық тілектер мен ұсыныстарды алдағы уақытта партиялықтар өздеріне түртіп алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Тұрғындар #метро
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда митохондриялық алмастыру терапиясы сынақтан өтіп жатыр

Бүгін 12:18

Алматының Жетісу ауданы жарықтандыруды, балабақша мен кәріз жүйесін жаңартқалы отыр

Бүгін 12:02

Алматыдағы Жетісу ауданы 12 гектар жерді абаттандырады

Бүгін 11:59

Алматының Жетісу ауданында 1200 орындық жаңа мектеп ашылады

Бүгін 11:55

Алматыдағы Жетісу ауданында биыл 42 шақырым жол жөнделмекші

Бүгін 11:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика